23.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

277190
23.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Саварона қызметке тағайындалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ататүріктің арнайы яхтасы Саварона президент Ердоғанның кейбір шетел сапарларына жіберіледі. Ердоған осылайша қонаққа барған ел басшыларын теңіз үстінде жүзген сарайында күтеді. Туризм және Мәдениет министрі Өмер Челик кеменің осы қызметке дайындалғанын атап, «президентіміз немесе премьер-министріміз бір елге қонаққа барған кезде басшыларға түрік жерінде тамақ бергендей болады» деді.
Хабертүрік газеті «Армян қоғамынан Дарданель шәйіттеріне дұға» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Йешилкөй армян шіркеуінде тарихи бір оқиға жүзеге асты. Дарданельде шәйіт болғандар үшін жексенбі ғибадатының артынан дұға оқылды. Түркиялық армяндар патриарх өкілі Арам Атешьян «Дарданельде бұдан 100 жыл бұрын шәйіт болған баршаға дұғаларымызды жолдаймыз» деді. Жексенбі ғибадатына қатысқан Бакыркөй провинциясының басшысы Бүлент Керимоғлу болса «Армян қоғамы үшін биыл үлкен ораза кезеңінде ауыз ашар асы бердік. Шіркеуге бара алмағандарға да азық-түлік жәрдемі жасалады» деді.
Миллийет газеті «Қарсы майданнан Дарданель» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дарданель соғысының 100 жылдығына орай Иш Банк тарапынан дайындалған «Дарданель 1915» атты кітап соғыстың аз білінген тұстарын құжаттар және фотосуреттермен түсіндірген. Халук Орал Петер Петерсен және әскери тарихшы генерал-лейтенант Джулиан Томпсонның қолы бар кітапта түріктерге қоса ағылшын және Анзак әскерлеріне қатысты көптеген егжей-тегжейлерге де орын берілген.
Сабах газеті «Кемеңгерлер үшін арнайы емтихан өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Білім министрлігі кемеңгер балаларды анықтау үшін Түркия бойынша тұңғыш рет емтихан ұйымдастырды. Өткен емтихан нәтижесінде 7 мың кемеңгер бала анықталады. 2, 3 және 4-ші класс оқушылары арасынан 228 мың студент қатысқан емтихан нәтижесінде 7 мың оқушы ғылым және өнер орталықтарында арнайы білім алатын болады.
Стар газеті «Қаратеңізге тағы екі мұнай алпауыты келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда малайзиялық «Petronas» серіктестігінің артынан Қаратеңізде тағы әлемнің екі алпауыты мұнай мен табиғи газ іздейді. Австриялық OMV Түркияға келуге дайындалғанда, АҚШ-тың «Exxon» серіктестігі де «Shell» жүргізген іздеу қорытындысының артынан іске кіріседі. Энергия саласында Түркияның энергия бағыныштылығын азайтатын маңызды қадамдар басылуда. Галлипольдегі Пойраз алаңында өндірілген табиғи газ негізгі байланыс желісіне қосылады. Осында өндірілген табиғи газ болса Грекияның желісіне құйылады. Галлипольдегі алаңда 600 миллион текшеметр табиғи газ алаңы анықталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар