21.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

275089
21.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газетінің «Кеден Одағы келісімі көзден өткізіледі» деген хабарында Экономика министрі Нихат Зейбекчинің Кеден Одағы келісімінің көзден өткізілуіне байланысты Еуропа Одағымен ресми келіссөздерге 2016 жылы басталатынын айтқанына орын берген. Газет келісімге TTIP де қосылатынын, Түркияның Еуропа Одағы және АҚШ арасында қол қойылатын Трансатлантик сауда мен инвестиция ортақтығы TTIP-ге қосылу үшін жасалған талпыныстардан нәтиже шыға бастағанын жеткізген. Хабарға қарағанда бұдан бұрын «Еуропа Одағы достарымызға айттық. Бұл келісім жасалғанда Түркия осы келісімнің ішінде емес болса, онда Кеден Одағы біз үшін күшіне ие болмайды. Кеден Одағын уақытша тоқтатамыз немесе басқа мәселе шығады» деп ескерту жасаған Экономика министрі Нихат Зейббекчи Кеден Одағы келісімінде Түркияның шарттарын қабылдаған болымды бір түйінге қарай ілгерілегенін мәлімдеді.


Стар газетінің Халықбанк «Сербияда жұмыс істеген Cacanska Банкін сатып алды» атты хабарында Сербияда жұмыс істеген Cacanska Банкінің 76,76 пайыздық үлесін сатып алғанына байланысты келісімге қол қойғанын хабарлаған. Хабарға қарағанда Сербияның белгілі аймақтарында бөлімшесі болған Cacanska Банкі 11 провинциядағы 23 бөлімшесі және жиыны 390 қызметкерімен жұмыс атқаруда.


Сабах газетінің «Түркия 60 ел ішінде лидер» деген хабарында MasterCard Кең көлемді үлкею орталығы дамыған экономикалардың болашақ потенциалын байқау үшін жасалған зерттеу нәтижелерінің жарияланғанын жазған. MasterCard Глобал экономика ақылшысы профессор Юва Хедрик Вонгтың басшылығында дайындалған «Дамуда болған нарықтарда кең көлемді үлкею индексі» атты рапорты бойынша Түркия әлемде 60 дамуда болған нарық ішінде 60,6 ұпаймен ең жоғарғы кең көлемді үлкею индексіне ие.


Йени Шафак газетінің «Түрік әуе жолдары керемет» атты хабарында Түрік әуе жолдарының тағы бір қадам басқанын жариялаған. Хабар бойынша 22 наурыз жексенбі күні Реал Мадрид-Барселона жарысы 17 халықаралық рейсте тікелей эфирде беріледі. Мөлшермен 6 мың жолаушы экранда бәсекені тамашалай алады.


Миллиет газетінің «Солтүстік жарты шардағы мұздарда төмендеу бар» деген хабарында Америка Құрама Штаттарының мамандары Солтүстік мұз теңізіндегі қысқы айларда байқалған мұз деңгейінің төмендегенін мәлімдегенін жеткізген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар