19.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

271871
19.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «ТАНАП Еуропаны есінен тандырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда республика тарихының ең үлкен табиғи газ құбыр желісі жобасының іргетасы қаланған ТАНАП (Тарнс Анадолу табиғи газ құбыр желісі) қазірден-ақ Еуроодақтың қызығушылығын туғызды. Еуроодақ «Жоғары деңгейлі Энергия келіссөздері» үшін Түркияның есігін қақты. Еуроодақ Комиссиясы Түркияның табиғи бір энергия көпірі және орталығы екенін ресми түрде ортаға қойды. Еуроодақ Комиссиясы төраға орынбасары Марос Сефсович «ТАНАП пен Оңтүстік газ желісі жобаларымен Еуропаға қажетті газ қауіпсіз жолмен тасымалданады. Жоба бұл тұрғыдан өте маңызды және Еуроодақ үшін нәзік бір мәселе» деді.
Стар газеті «Биржа Стамбұлдан ‘толқитын’ екі жаңа ортақтық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биржа Стамбұл Лондон темір-терсек биржасының (LME) алмасу мекемесі «LCH Clearnet»-тегі үлесін сатып алады.
Биржа Стамбұл сондай-ақ LME және LME-дің негізгі фирмасы Гонконг Биржасы мен Аумасу фирмасы (Hong Kong Exchanges and Clearing-HKEx) пен нарық мәліметтерін тарату тақырыбында ортақтық жасайды. Келісімдер аясында екі биржа болат нарығына бағытталған жаңа өнімдер мен қызметті жетілдіру жұмыстарында бірге жүргізеді.
Миллийет газеті «Ресейден турист әкелгендерге ‘100 миллион лиралық несие!» атты хабар жариялаған Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик Түркияға ең көп турист жіберген екінші ел ретінде Ресейде 2015 жылын түрлендірген «MITT – 2015 саяхат және туризм көрмесіне» қатысты. Челик «Ресейден 400 мыңнан астам турист әкелетін тур фирмаларына 100 миллион лираға дейін несие қолдауы күн тәртібінде. Сондай-ақ Ресейден елімізге турист әкелген тур фирмаларының ұшақтарына әр ұшақ үшін 6 мың доллар жанармай қолдауы беретін боламыз» деді.
Хабертүрік газеті «Жасушадан орган өндіріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара Университеті Бағлыжа ауданында екі мың гектарлық бір алаңда денсаулық сақтау қалашығы құрады. Әлемнің маңызды орталықтарының бірі болатын қалашықта жасушадан орган өндірісі нысанаға алынады. Анкара Университеті ректоры профессор доктор Эркан Ибиш «Жасуша жұмыстарымен халықаралық литератураға кіруді нысанаға аламыз. Рак ауруды анықтау және емдеу мақсатты жұмыстарды жетілген технологиялар арқылы жүзеге асырамыз. Ауруханамыз халықаралық салада бір денсаулық сақтау, оқу, зерттеу және практикалық базаға айналады» деді.
Сабах газеті «Көк аспанда қызық оқиға» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2015 жылдың ең маңызды көк аспандағы оқиғасы Күн тұтылуы ертең түн мен күндіз бір-біріне тең болғанда жүзеге асады. Түркияда жартылай байқалатын Күн тұтылуы сағат 09:40-та басталып, 13.50-ге дейін жалғасады. Солтүстік Еуропада толық байқалатын тұтылу Түркияда болса Ай Күнді 40% жапқан күйімен көрінеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар