14.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

263283
14.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің “Нақтылы альтернатив демократиялық Сирия» атты хабарында премьер-министр Ахмет Давутоғлұның Башар Асад режиміне қарсы Сирияда басталған ереуілдердің 4-ші жылдығында Сирия ұлттық коалиция өкілдерімен Анкарада бас қосқанын жазған. Газет Давутоғлұның «Егер Сирияда демократия орнатылатын болса, онда тек Сирия халқы емес, барлық Орташығыс халықтарына өздеріне жаңа бір бағыт сызады» дегеніне орын берген. Хабарға қарағанда Давутоғлу Түркияның Сирия халқының қиын күндерінде қақпасын еш жаппағанын, бұдан былай да Сириядан келгендерге қақпаны еш жаппайтынын атап көрсетті. «Әркім өз дегенін айта берсін. Біз Сириядан келген жетім мен жесірлерге есігімізді жаппаймыз. Олар Алланың және тарихтың аманаты» деді ол.


Хүрриет газетінің «Исландия Еуропа Одағы мүшесі болғысы келмеді» деген хабарында Исландияның Еуропа Одағына 6 жыл бұрын берген өтінішін қайтарып алғанын жариялаған. Газет Исландия Сыртқы істер министрі Гуннар Свейнссонның үкіметтің осы шешімін елін зиярат еткен Еуропа Одағы кезекті төрағасы Латвияның Сыртқы істер министріне бір хат беріп ресмилестіргенін жеткізген.


Стар газетінің «Көрші елден алғаш рет бір түрік ауруханасына жүлде берілді» атты хабарында Грекияда Түркиядан бір ауруханаға алғаш рет жүлде берілгенін баяндаған. Газет Грекия Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық туризмі комиссиясы Денсаулық туризміне үлес қосқандары үшін Liv Hospital ауруханасына жүлде бергенін атап өткен.


Миллиет газетінің «Африканың алмасы Түркияда кесіледі» деген хабарында Стамбул асыл тастар жәрмеңкесінде Оңтүстік Африканың Северо-Капск провинциясының Қаржы, экономикалық өркендеу және туризм министрі Джон Блоскпен жасалған келісім бойынша Северо-Капск провинциясында болған Кимберли алмас кенінен шығарылған алмастар Стамбулда ашылатын алмас кесу және жалтырату орнында жүзеге асырылатынын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар