10.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

256281
10.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Энергия желісі TANAP-тың беташары 17 наурызда жасалады» деген хабарында Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылдыздың Түркияда 21 қаладан өтетін және 5 мың адам жұмыс істейтін Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы TANAP-тың беташары рәсімінің Карста президенттері деңгейінде болатынын айтқанын хабарлаған. Газет Йылдыздың жоба үшін қолданылатын болат құбырларының импортының да жергілікті болатынын және TANAP-тың Еуропаның бірінші, әлемнің де бесінші орнын иелеген болат құбыр импортына да үлес қосатынын айтқанын жеткізген. Хабарда Йылдыздың террордың жойылуы үшін жүргізілген шешім процесі аясында да Оңтүстік-шығыс Анадолы аймағында 8 мұнай іздеу құдығының қайтадан жұмысқа қосылатынын білдіргеніне орын берген.


Йени Шафак газетінің «Орталық банкіне 8 баптық жол картасы» атты хабарында президент Ердоғанның премьер-министр орынбасары Али Бабажанның басшылығындағы экономика лауазымды жинап, соңғы күндердің күн тәртібі болған Орталық банкінің өсімі мен валюта өзгерісі тақырыбын талқылағанын хабарлаған. Хабарға қарағанда жиналыстың қорытындысы маңызды. Біріншісі, Орталық банкі өсім жөнінде абай болуы керек. Америка Құрама Штаттарының Орталық банкінің 18 наурызда беретін шешімін күту керек. Екіншісі, доллар арқылы жасалған тұрақсыздық тоқтатылуы керек. Доллардың төмендеуі үшін ақша саясатын атқару керек.


Хүрриет газетінің «Гүл үміткер емеспін» деген хабарында 11-ші президент Абдуллах Гүлдің өз маңындағыларына 7 маусымдағы жалпы халықтық сайлауда депутат үшін үміткер болмайтынын айқын түрде айтқанын жазған. Газет Гүлдің мемлекет және халықаралық платформада кездесу өткізетін, көзқарастарын білдіретін, жиналыс ұйымдастыратын бір мемлекет қайраткер ретінде жұмыс істейтінін пайымдауда. Газеттің хабары бойынша Гүлдің әсіресе Орташығыс мәселелері және Еуропа Одағымен қарым-қатынастар сынды тақырыптарда белсенді рөл атқаруы және зиярат жасауы күтілуде.


Сабах газетінің «Ердоған Твиттерде ең көп назар аударылған лидердің бірі» деген хабарында Твиттерде АҚШ президенті Барак Обаманың 55 миллион 844 мың қызығушысымен бірінші орынды иелегенін, сондай-ақ президент Режеп Тайып Ердоғанның 5 миллион 969 мың қызығушысымен әлемде үшінші орында екенін жариялаған.


Хабар Түрік газетінің «10 мың еуропалық ИШИМ-ге қатысуы мүмкін» атты хабарында Францияның жасаған алдын алу шараларына қарамастан француз жастардың ИШИМ-ге қатысуын тоса алмағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Франция премьер-министрі Мануэль Вальс ИШИМ қатарына қосылған еуропалық санының күн сайын артқанын және осы жылдың аяғында 10 мың болуы мүмкіндігін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар