06.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

250918
06.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Сырттай сын айту оңай, Сирия үшін А жоспарыңыз да жоқ» деген хабарында Нью-Йоркта сапарда болған премьер-министр Ахмет Давутоғлұның Түркияның террормен күресуде жеткілікті қолдау көрсетпегені жөніндегі сындарға қатал қарсы шыққанын хабарлаған. Газет Давутоғлұның «ИШИМ-ді 2013 жылы террорист деп жарияладық. Шекарамыздың арғы жағында мемлекет абыройы жоқ. Нью-Йоркта немесе басқа астаналарда отырып сын айту оңай. Халықаралық ұйымның Б жоспары былай тұрсын, А жоспары да жоқ» дегенін жариялаған. Хабарда Давутоғлұның Сирия дағдарысынан Түркиядай зиян шеккен басқа бір ел болмағанын білдіріп, Түркияға осы таңға дейін 2 миллион босқынның келгеніне назар аударғанына орын берген.


Сабах газетінің «Үлкен шатыр кент» атты хабарында Түркияда 35 мың адам сиятын ең үлкен шатыр кенттің салынғанын жеткізген. Газет Шанлыурфаның Суруч ауданында 35 мың адам сиятын шатыр кенттің ашылуын президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның жасағанын жазған.
Хабарда Емине Ердоғанның ашылу сөзінде 35 мың адам сиятын шатыр кенттің әлемнің ең үлкен шатыр кенті екенін атап өткенін білдірген.


Стар газетінің «Түркияның жәрдем қолы әлемге созылды» деген хабарында Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің көрсеткіштері Түркияның жәрдем табыстарын жарыққа шығарғанын мәлімдеген. Газет әлімнің төрт бұрышына жәрдем қолын созған Түркияның 2008-2014 жылдары аралығын қамтыған 6 жылдық процесте Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің талпыныстарымен 100-ден астам елге жиыны 766 миллион 288 мың долларлық жәрдем жасағанын хабарлаған.


Ватан газетінің «Түркия дағдарыс елі емес» атты хабарында премьер-министрі Ахмет Давутоғлұның Нью-Йоркта инвесторларды Түркияға шақырғанын жазған. Газет Давутоғлұның «Түркия тұрақты бір ел. Болашағы жарқын және Еуропа Одағы елдері мен Экономикалық өркендеу және ынтымақтастық ұйымы елдері ішінде орташа есеппен тез қарқында үлкейген бір ел» дегеніне орын берілген.


Йени Шафак газетінің «Катарға түрік базасы құрылуда» деген хабарында Шығанақ елдері мен Түркия арасында соңғы кезеңде қайтадан артқан саяси және экономикалық қарым-қатынастардың ескери салаға да көтерілгенін білдірген. Хабарға қарағанда Түркияның одақтас ел Катармен әскери келісім жасады. Екі ел арасындағы келісім бойынша Түркия Катарда әскери база құру билігіне ие болады. Катар да Түркияға әскери қызметкер жібере алады.


Миллиет газетінің «Уимблдонда түрік төреші» атты хабарында теннис әлемінің ең маңызды турнері болған Уимблдонда түрік төреші Есін Кыратлының міндет атқаратынын баяндаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар