05.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

249420
05.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Бір оқ атқанда аймақты бақылауға алатын едік» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Давутоғлу Шах Евфрат операциясы үшін жазбаша тапсырма бердік. Жоспарлағандай табысқа жеттік» деді. Давутоғлу Шах Евфрат операциясы туралы «Армиямызға Шах Евфрат операциясы үшін бір ай бұрын тапсырма берілді. Жоспарлағандай табысқа жеттік. Кезкелген бір шабуыл жасалған жағдайда аймақ толығымен бақылауға алынатын еді. Егер Сирия әкімшілігі сол кезде бізге қауіп төндіріп, бір оқ атқанда, нысанамызға айналар еді. Баршаға Түркияның қалаған кезде Сирияда 40 шақырым қашықтыққа дейін дәл кезінде кіре алатынын көрсеттік» деді.
Миллийет газеті болса «Қарулы қақтығысқа кірмейміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу АҚШ-қа бара жатқанда Мосул операциясы туралы пікірін журналисттермен бөлісіп «Мосулға қолдау береміз дегенмен қарулы қақтығысқа тікелей араласпаймыз. Өрт біздің шекарамызда және ең көп бізді күйдіреді. Ал Түркияға шабуылдайтын болса дәл кезінде қарсылық береміз. Бұған күшіміз де, мүмкіншілігімізде бар» деді.
Йени шафак газеті «Құн ақы 1 миллиард доллар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мави Мәрмәр кемесі шабуылында амалсыз қалған Израиль еврей бір іскер арқылы зардап шеккендердің қорғаушыларына Мерсин мен Газа арасындағы қоршауды жеңілдететін «Жасыл желі» құру және Мави Мәрмәрдің құрбандары үшін 1 миллиард доллар құн ақы төлеуді ұсынды. Жасыл желі арқылы Түркиядан Газаға жіберілген тауарларды Израиль кедендерінде күткізбей, тауарлардың пакеттерін ашпай жеткізуге уәде етілді. Бітімгер қорғаушылардың ‘Мави Мәрмәр шабуылы үстінен саудаласпайтындарын’ жеткізгенін атап, Израильдің осы құн ақы қарсылығында не күткенін мәлімдемеді.
Сабах газеті «Саваронада тұңғыш қонақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Ердоған Ататүріктің яхтасы Саваронаны тұңғыш ресми кездесу үшін қолданды. Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың анасының науқастануына байланысты Стамбұл бағдарламасы өзгерген Ердоғанмен Саварона кездесуі де кейінге қалды. Ердоған болса Босния-Герцеговина президенттің кеңес мүшесі Бакир Иззетбеговичпен Йылдыз сарайында жоспарланған кездесуінің уақыты өзгеріп, Саваронада жүзеге асты.
Ватан газеті «4G тендері мамыр айында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда мобил байланыс арқылы қазіргінен 10 есе жылдам интернетке қосылуды қамтамасыз ететін 4G технологиясы үшін тендер 3 айдың ішінде өткізіледі. Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Лүтфи Элван «Биыл 4G қызметін азаматтарымыздың қолданысына ұсынамыз. Бұл қызметтің ұсынылуынан бастап, 6 жылдың ішінде Түркия тұрғын санының ең кемінде 90 пайызы 8 жылдың ішінде де 95 пайызы 4G құрамына қосылады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар