02.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

244055
02.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Республикашыл мүшеден армян лобиясына наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Конгресінен 1915 жылғы оқиғалардың 100 жылдығында армян қауесеттерін қабылдайтын бір жобаны өткізгісі келген армян лобиясына тұңғыш наразылықты Республикашыл мүше Билл Шустер көрсетті. Шустер өткен апта жобаны қол қоюға ашқан конгресс мүшелеріне хат жолдады. Шустер хатында 1915 оқиғаларының тарихи тұрғыдан армян қауесеттерін ортаға қоймағанын атап «Армян қауесеттерін бекітпеңдер» деген пікірін бөлісті. Шустер «Сол кезеңде жан тапсырған 2 миллион Османлы азаматын еске түсіріңдер. Бұл жобаға демеушілік жасамауға тиістісіңдер» деді.
Стар газеті «American Siding Османлыдан үлгі алынған әдісті кері қайтарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қазір түрік маркасы «American Siding» ті өндірген Эряптың директоры Эруслуға қарағанда бұл өнімді американдықтар Стамбұл бұғазындағы үйлерден алған. Эмруллаз Эруслу «АҚШ Йель Университеті тіркеулеріне қарағанда АҚШ-тықтар фермаларын Стамбұл бұғазындағы жеке үйлерге қарап жабдықтаған» деді. Ғимараттарда сыртқы изоляция ретінде қолданылған бұл әдіспен ғимараттардың өмірі 100 жылдан асады.
Хабертүрік газеті «ТИКА мен Ұлттық кітапхана арасында ынтымақтастық хаттамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА мен Ұлттық кітапхана арасында Түркиямен тарихы, аймақтық, мәдени байланыстары бар елдердегі жылжымалы мәдениет мұралары тізімін шығару үшін ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды. Хаттама шығармалардың бірдей басылымын жасау, жөндеу және сақталуын қамтамасыз ету, бұл тақырыпта оқу жұмыстарын жүргізу, ынтымақтастық жасайтын мемлекеттерге кітап және басылымдар жіберу сияқты тақырыптарды қамтиды. Осылайша Ұлттық кітапхананың шетелдегі қызметтері одан белсенді болып, күші одан жақсы бір тұғырға көтеріледі. Сондай-ақ ТИКА-да 120 мемлекетте жүргізген экономикалық және өркендеу жобаларына қоса, түрік мәдениетінің құндылықтарын көрсеткен жұмыстарды да жүзеге асыратын болады.
Йени шафак газеті «Еуропа мұсылмандардың санына мазасызданады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Австрияда қабылданған «Ислам заңы»мен байланысты пікір білдірген Стамбұл Университеті Денсаулық сақтау ғылымдары факультеті деканы профессор Кадир Жанатан Еуропаның мұсылман тұрғын санына мазасызданғанын атап көрсетті. Жанатан «Еуропа Исламды өз аймағының, мәдениетінің бір ұғымы ретінде қабылдамайды. Әсіресе эмигранттар жолымен артып отырған мұсылмандар санынан мазасызданады» деді. Жанатан «Алдында жас ұрпақтың Еуропа мәдениетіне сіңісетін және өз тегінен алыстайтыны түсінігіне ие Еуропада қайғы мен қорқу ортаға шықты. Айырмашылықтармен бірге өмір сүрудің жетістік екенін әлі толығымен ұққан емес» деді.
Стар газеті «Пегида Ұлыбританияда жеңіліске ұшырады» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда Германияда пайда болған Ислам мен эмигрант дұшпаны нәсілшіл қозғалыс Ұлыбританиядағы тұңғыш шеруінде табыссыз болды. Ислам дұшпандары Ньюкаслда ұйымдастырғандары шеруде көптегенде 100 адам жинай алды. Осыған қарсы 2 мыңнан астам ереуілші Пегида-ға қарсы жиналып нәсілшілдікке қарсы шықты.
Ватан газеті «Батыстық тұңғыш бейбітшіл жауынгері қаза тапты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияда террор ұйымы ИШИЛ-ге қарсы күрд топтармен бірге соғысқан австралиялық Эшли Кент Джонстон «Тиль Хэмис» аймағында шыққан қақтығыста қаза тапты. Джонстон ИШИЛ-ге қарсы күресте қаза тапқан тұңғыш батыстық жауынгер болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар