21.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

226429
21.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «Президент Ердоған Президенттік жүйенің атын қойды. Бұл жүйе лидерлік жүйесі» атты хабарында президент Режеп Тайып Ердоғанның «Түркияның президенттік жүйеге өтудің уақыты келді. Қазіргі жүйе бізге үйлеспейді. Лидерлік жүйесі шарт» дегенін хабарлаған.


Йени Шафак газетінің «Лидерлік жүйесі» деген хабарында қазіргі жүйенің мемлекетке үйлеспегенін айтқан Ердоғанның «Тіпті тез шешім жасай алатын жүйеге зәруміз. Бұл жүйенің аты лидерлік жүйесі болып табылады» деген сөздеріне орын берген.


Стар газетінің «Түркия Серіктес Мұнай Бірлестігі Пәкістанмен табиғи газ жөнінде серіктестік жасайды» атты хабарында премьер-министр Ахмет Давутоғлұның Пәкістан сапарында маңызды бір келісімге қол қойған Түркия Серіктес Мұнай Бірлестігінің осы елде табиғи газ іздейтінін жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Серіктес Мұнай Бірлестігінің Үндістанмен мұндай бір ынтымақтастық үшін кездесулерін жалғастыруда. Түркия Серіктес Мұнай Бірлестігі Африка бастамасы аясында Мозамбик және Анголамен де байланыс жасауда.


Йени Шафак газетінің «Жейханға 280 миллион тонна мұнай» деген хабарында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыр желісі арқылы 2006 жылынан 2014 жылының аяғына дейін 280 миллион тонна шикі мұнай тасымалданғанын білдірген. Газет осы кезеңде Жейханға тасымалданған мұнай 2793 танкермен әлем нарықтарына жіберілгенін, сондай-ақ тек өткен жылдың өзінде тасымалданған мұнай көлемінің 34,8 тонна екенін жеткізген.


Стар газетінің «Стамбул MIPIM жәрмеңкесіне дайындалуда» атты хабарында Францияның Канны қаласында ұйымдастырылатын 26-шы әлемнің ең үлкен жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі болған MIPIM жәрмеңкесінде Стамбул тұңғыш рет Еуропаның алдыңғы қатардағы қалалармен бірдей платформада болатынын жариялаған. Хабарға қарағанда Лондон, Париж, Амстердам сынды қалалармен бірге Стамбулды да маркасын инвесторларға ұсынады. 10-13 наурыз күндері аралығында ұйымдастырылатын Халықаралық жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі MIPIM-ге 93 ел қатысады.


Хүрриет газетінің «Евро аймағы қаржы министрлері Грекия үшін үшінші рет жиналды. Меркельдің айтқаны орындалды» атты хабарында Грекия мен Евро аймағы қаржы министрлері аяғында келісімге барғанын баяндаған.


Миллит газетінің «2015 үлгілі тұрғын үйлер» деген хабарында 2013 және 2014 жылдары тез қарқында дамыған құрылыс секторының 2015 жылы да өркендеуінің жалғасатынын атап өткен.


Стар газетісінің «3,1 миллиард долларлық экспорт жасаған сектордың жәрмеңкесі» атты хабарында өткен жылы 3,1 миллиард долларға жеткен Түркия асыл тастар экспортына үлес қосқан Халықаралық Стамбул Jewelry show жәрмеңкесінің 12 наурызда ашылатынын хабарлаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар