18.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркиядағы маңызды оқиғаларға орын берген.

221802
18.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Батыс Исламофобияға қарсы даусын шығаруы керек» деген хабар жариялаған. Хабарға Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлуның Пәкістан сапарына орын берген. Давутоғлу Пәкістан сапарында әртүрлі терроризмге қарсы иықтасып күресу керектігін айтты. Түрік премьер-министрі Америка Құрама Штаттарында мұсылмандардың өлтірілуі немесе Еуропада мешіттердің өртелуіне байланысты «АҚШ-тан және Еуропадан Париж лаңкестіктерінен кейін көрсетілген ұйымшылдықты күтеміз» деді.


Йени Шафак газеті «Гөрмездің көңіл хаты көздің жасын ағызды» деген хабар жариялаған.
Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез Америка Құрама Штаттарында бір нәсілшілдің оғымен қаза тапқан үш мұсылманның отбасына хат жолдады. Ислам Мәдениет орталығында оқылған хатқа жүздеген адам жылады. Гөрмездің «Біз де жараландық» деген сөздері болса, қатты тебірентті. Құрбандардың бірі Деах Баракаттың әкесі Нами Баракат «Түрік халқының ықыласы бізді қуантты» деді.


Ватан газеті Нилуфер Булут атты түрік әйелінің Әлемдік Әйел лидер сыйлығын алғанын хабарлаған. Хабарға қарағанда, Халықаралық «World CSR Day» ұйымы тарапынан жыл сайын ұйымдастырылатын «Әлемдік әйел лидер» сыйлықтары Үндістанның Мумбай қаласында иелеріне тапсырылды. Сыйлыққа Түркия атынан Түркия Іскер әйелдер ұйымының төрайымы Нилуфер Булут лайықты деп табылды. Булут Түркияда әйелдердің мәртебесінің биіктелуі, әйел инициативаларының нығайтылуы, лидер саналатын әйелдердің санының артуы үшін жүргізген ұлттық және халықаралық деңгейдегі жұмыстарына байланысты осы сыйлыққа лайықты деп табылды.


Сабах газеті «Ирандағы әйелдер түрік сериалдары үшін түрік тілін үйренеді» деген қызықты тақырып қолданған. Иранда түріктердің көп сериалды фильмдеріне деген қызығушылық зор. Бірінші түрікше сөздерін осы сериалдардан үйренген әйелдердің арманы түрік сериалдарын өз түпнұсқасынан тамашалау. Тегеранда жұмыс істейтін Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында жыл сайын 550 кісі түрік тілін үйренеді. Бұлардың көбі Түркияда жоғары оқу орнында білім алу үшін түрік тілін үйренсе, қалғаны да түрік сериалдарын түсіну үшін түрік тілін үйренуге талпынуда.


Миллиет газеті теннис спортының аты аңызға айналған тұлғасы Роджер Федерердің Түркияға келетінін білдірген. 17 мәрте чемпион болған швейцариялық ракетка 27 сәуір-3 мамыр күндері аралығында Стамбулда өтетін TEB BNP Paribas İstanbul Open сайысына қатысады. Федерермен қоса әлемнің ең мықты теннис ойыншылары да Стамбулда болады.


Хүрриет газеті «Еркектер сельфиді әйелдерден көп ұнатады» деген хабар жариялаған. Соңғы кездердің ең көп таралған технологиялық трендтерінің бірі сельфи Түркияда әйелдерге қарағанда ер адамдардың назарын көбірек аударды. Осы тақырыпта смартфон өндіруші HTC бір зерттеу жүргізді. Соңғы үш айда әлеуметтік желіде жарияланған 70 мың сельфи тексеріліп шықты. Осы зерттеуге қарағанда Түркиядағы ер азаматтардың 49 пайызы өз сельфисін түсірген. Әйелдерде осы көрсеткіш 38 пайыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар