15.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңлықтарға орын берген.

219056
15.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Түркияға көктем келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Орду қаласында халыққа үн қатқан премьер-министр Ахмет Давутоғлу «Шешім үдерісі» туралы «Иншалла биыл көктем маусымында Түркияда одан жақсы саяси және әлеуметтік тақырыптарда көктемді жақсы сезіндірген жаңалықтар болады» деді. Стар газеті де қарулардың Түркияның күн тәртібінен толығымен шығу керектігін атап айтқан Давутоғлуның «Сол кезде жаңғырық туғызатын жақсы қадамдар басылып, Түркияда жақсы бір көктем болар» дегенін жазған.
Хүррийет газеті «Шығыс Қаратеңізге 10.4 миллиардтық инвестиция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Давутоғлу Шығыс Қаратеңіз жобасы аясында Сарп шекара қақпасынан Самсунға дейін 10.4 миллиард лиралық инвестиция салынатынын айтты. Жасыл трасса жобасымен 8 қаладағы платолардың бір-бірімен байланысатынын атап көрсеткен Давутоғлу жобалардың 2018 жылға дейін аяқталатынын жариялады. Давутоғлу осы жобаның ұқсасын қысқа уақытта Батыс Қаратеңіз үшін де жарияланатынын атап көрсетті.
Стар газеті «Францияда тұңғыш мұсылман партия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияда Демократиялық француз мұсылмандар одағы (UDMF) атымен жаңа бір партия құрылды.Партия тұңғыш рет наурыз айында өтетін жергілікті сайлауда сайлаушысының алдына шығады. Түркияның ЕО-на толық мүшелігіне толық қолдау берген партия еуропалық христиандарды Түркия жайлы қате түсініктерді тастауға шақырады.
Йени шафак газеті «Йешилай БҰҰ-на өкіл ретінде сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Есірткімен күреске қатысты маңызды жұмыстар іске асырған Түркия Йешилай қоғамы БҰҰ Жалпы Кеңес арнайы отырысында (UNGASS) 2016 жылы Азаматтық қоғам қызмет күші мүшелігіне сайланды. Йешилай төрағасы профессор Ихсан Караман «Йешилайдың БҰҰ-да «Есірткімен күрес» арнайы отырысына қатысуы, еліміздің сыртқы саяси көзқарасына және денсаулық сақтау саласындағы басшылық роліне үлес қосатын және маңызды бір азаматтық дипломатия үлгісі болып табылады» деді.
Аталмыш газет «Стамбұл атақты ойынға үміткер болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл әйгілі «Monopoly әлем қалалары» ойынына үміткер болып ұсынылды. Ойында орын алатын 20 қаланы сайлау үшін дауыс беру басталды. 80 қала үміткер болған және кеше басталған дауыс беру кезеңі 4 наурыз күні аяқталады. Дауыс берудің соңында ең көп дауыс жинаған 20 қала, биыл күзде бүкіл әлемде сатылатын ойында орын алады. Стамбұлға қолдау беру үшін www.oyumistanbula.com адресінен дауыс беруге қатысып, Түркия үшін де үлес қоса аласыз.
Миллийет газеті «Қаратеңіз Теңіз шоуы басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда құрлықта өткен ең үлкен теңіз көрмесі «CNR Boat Show 2015» Стамбұлда ашылды. 9 күн бойынша танымал әлем маркаларына өкілдік жасайтын «Мега яхта» және желкенді қайықтар орын алатын көрмеде 2 мың лирадан 21 миллион лираға дейін жүздеген қайық қызығушыларға танытылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар