30.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

202763
30.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Ердоған егер сұрайтын болсаңыз Арменияның текті мекенін көрсете алмайды» деген хабарында президент Ердоғанның армян қырғыны пайымдауларына байланысты үндеу тастағанын жазған. Газет Ердоғанның «Армян диаспорасы әрқашан былықпа туғызуда. Бір дау-дамай ортасында процесті жүргізгісі келеді.Біреулердің бұйрығы бойынша біз ауыз жүзіндегі армян қырғынын қабылдауға мәжбүр емеспіз. Егер шын ниетті болсаңдар алдымен тарихшылар зерттесін, дәлелдерді, рапорттарды ортаға қойсын. Одан кейін саясатшылар ретінде біз үстелге отырайық» дегендеріне орын берген.


Акшам газетінің «Егер Түркия болмаса біз Еш-Шебабты жеңе алмаушы едік» атты хабарында Түркияның Африка талпынысымен барша әлемнің назарын өзіне аударғанын, сондай-ақ Сомалиге жасаған жәрдемдерінің Еуропа да маңызды күн тәртіптің бірі болғанын жеткізген. Хабарға қарағанда Түркияның ең көп жәрдем еткен Африка елдерінің бірі Сомали. Сомали президенті Хасан Шейх Мұхаммед Швейцарияда шығатын Neu Züricher Zeitung газетіне сұхбат берді. Сұхбатында Түркияны мақтаған Мұхаммед «Үкіметке қарсы соғыс ашқан Еш-Шебабты Түркияның жәрдемдерімен жеңдік. Мемлекетімізде тек түрік мамандары ғана тұруға жігері бар» деді.


Ватан газетінің «Барша әлем тілге тиек еткен лидер фракиялық екен» деген хабарында Грекиядағы жалпы халықтық сайлаудың жеңімпазы болып, барша әлемнің назарын аударған СИРИЗА-ның лидері Алексис Ципрастың Кырларели провинциясына қарасты Бабаески ауданынан қоныс аударған бір отбасының немересі екенін жариялаған. Хабарға қарағанда 2010 жылы 24 қыркүйек күні Эдирнеге келген Ципрас Бабаескиден қоныс аударған бір ортасының немересі екенін, сондай-ақ осы себептен Фракиядағы кезінде өз ата мекенінде болғанындай сезінгенін айтқан болатын.
Хабар Түрік газетінің «Стамбулдан Болгарияға жүрдек пойыз» атты хабарында Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Фүтфи Елванның «Біз биыл Стамбулды Болгарияның шекарасы Эдирне Капыкулеге жалғайтын жүрдек пойыз жобасының тендірін дайындап жатырмыз. Осы тақырыпта қажетті жұмыстарды мамандарымыз жасауда» дегенін жеткізген.


Сабах газетінің «Австралияның Оскары Йылмаз Ердоғанға берілді» атты хабарында Йылмаз Ердоғанның «Соңғы үміт» фильміндегі көмекші ер актер саласында Австралияның ең маңызды кинофильм жүлдесі «AACTA»-ны жеңіп алғанына орын берген. Газет Мәдениет және туризм министрі Өмір Челиктің жүлде алғанына орай Йылмаз Ердоғанды құттықтағанын мәлімдеген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар