22.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

194254
22.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газетінің «Түркия үлкен экономика жолында ілгерілеуде» деген хабарында Нобелъ жүлдесінің иегері әйгіні экономист Джозеф Стиглиц Түркияның жеке өзі үлкен бір экономикалық жолында ілгерілеуде дегенін жариялаған. Газет Қытайдың Африкадағы баюының Түркияға пайдасы тигенін білдіргенін жазған. Хабарға қарағанда Стиглиц Түркияның Африкадағы орнының күшейетінін баяндап, «Өзгерген геологиялық жағдай бойынша Түркия 2015 жылы бағы жанатын елдің бірі болады» деді.


Сабах газетінің «Әлемнің ең үлкен сату орталығы Стамбулда ашылады» деген хабарында салынып жатқан үшінші әуежайында 120 миллион евролық инвестициясымен әлемнің ең үлкен салықсыз бұйымдар сату орталығының салынатынына орын берген. Газет 53 мың шаршы метр алаңға ие болатын орталықта 400-ден астам марканың орын алатынын жазған. Хабар бойынша 7 мың адам жұмыс істейтін орталықта ең жаңа технология қолданылады.


Хүрриет газетінің «Шетелдіктер ең көп ғимарат сатып алған қалалар мен провинциялары» атты хабарында Түркияда шетелдіктердің ең көп ғимарат алған 10 провинция мен 9 қала екенін жеткізген. Газет шетелдіктер ең көп Анталия, Стамбул, Айдынды таңдағанын, сондай-ақ 10 провинция ішінде теңіз жағалауы болмаған тек Анкара екенін білдірген. Хабарда шетелдіктер 2014 қаңтар-қараша маусымында 17 мың 104 ғимарат сатып алғанына орын берген.


Йени Шафак газетінің «Түркия өзекті жасушы координация орталығы әлемге де үміт беруде» деген хабарында Түрік Қызылайы мен Денсаулық сақтау министрлігі қол қойған хаттама аясында рак ауруына шипа болатын Түркия өзекті жасуша координация орталығы жобасы үлкен маңызға ие екенін баяндаған. Хабарға қарағанда осы жобадан әлемдегі өзекті жасуша күткен аулар да пайдалана алады.


Миллиет газетінің «Абу-Даби әуежайы TAV фирмасына аманат» атты хабарында Түркияда жұмыс істеген TAV информатика фирмасының Абу-Даби әуежайының информатика технологиясы тендірін жеңіп алғанын баяндаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар