20.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

191193
20.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Миллиет газетінің «Күрд мұнайының бағыты Түркия» атты хабарында Кувейт пен Сауд Арабиясынан кейін күрт мұнайының талабы да артатынын жариялады. Газеттің хабарларына қарағанда тасымалдау бірте-бірте күніне 600 мың барель шығарады, сондай-ақ экспорттың орталығы Түркия болады. Бағдат-Эрбиль келіскеннен кейін күрд мұнайының әлемге ашылуында Түркияның рөлі үлкеюде. Солтүстік Ирактан Түркияға жасалған 450 мың барельдік мұнай тасымалдауы 600 мың барельге көбейеді және күрд мұнайында жалғыз бағыт Жейхан болады.


Акшам газетінің «Иракпен жаңа газ желісі» атты хабарында мұнайдан кейін Ирак газын да әлемге Түркия тасымалдайтынын, сондай-ақ жаңа газ құбыр желісі үшін Түркия мен Ирак серіктестік жасайтын жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Иракта өнеркәсіп аймағы құруды да жоспарлауда. Иракта сапарда болған Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылдыз Иракта бір түрік өнеркәсіп аймағы құру үшін мүмкіндіктердің зерттелгенін мәлімдеді. Ирак шекарасына жаңа кеден қақпаларының құрылу жұмыстары тездетіледі. Алдымыздағы күндерде осы тақырыпта бір делегация Түркияға келеді. Әуе жолы рейстерінің арттырылуы үшін де келісімге барды.

 

Ватан газетінің «Түрік армиясы лазер қару өндіреді» деген хабарында түрік инженерлері АҚШ теңіз күштері тарапынан қолданыла бастаған лазер қаруының бірдей болғаның Түркияда өндірілетінін жазған. Газет жоба үшін Әскери электроника өнеркәсібі , Түркия ғылым және технология зерттеу қоғамы мен Билкент университеті бірге жұмыс істегенін баяндаған. Хабарда лазер қаруы құрлық, теңіз және әуеде қауіп төндірген нысаналарды бақылауға алатынын және оларды жоятынын білдірген. Газет сонымен қатар өте шалғайдағы нысаналарды бірнеше секунд ішінде жоғалта алатын жүйеде екенін, сондай-ақ әсіресе ұшқышсыз әуе көліктері, зымырандарды жоюда маңызды рөл алатынына орын берген.


Стар газетінің «Тәуелсіз бақылауда түрік таңбасы» атты хабарында тәуелсіз бақылау тақырыбында халықаралық саласында жұмыс істеген бір түрік маркасы қалыптасқанын мәлімдеген. Газет Йемен, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Иран, Қырым және Ресей сынды елдерде бақылау билігі болған күнделікті тәуелсіз бақылау бөлімшесін ашқанын жазған.


Сабах газетінің «Давостағы жиналысына Түркия атынан Хисаржыклыоғлұ қатысады» деген хабарында «Үлкен 20» тобы Давос саммитінің 22 қаңтар күні өтетінін, сондай-ақ осы саммитке Түркия атынан Түркия палаталар және биржалар одағы төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлұның қатысатынын жеткізген.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар