02.01.2016 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдік кейбір жаңалықтарға орын берген.

168770
02.01.2016 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газетінің «Мәулід мерекеңіз құтты болсын» атты хабарында бүгін кештің барша мұсылман қауымның Мәулід мерекесі болғанын жариялаған. Газет Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары Әзіреті Мұхаммедтің дүниеге келгенінің 1444-шы жылдығы екеніне орын берген.


Стар газетінің «Еркіндігің осы ма Еуропа» атты хабарында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі адам құқықтары комиссиясының Германия, Австрия, Болгария, Голландия, Швеция және Францияда дайындалған рапорттың Еуропадағы нәсілшілдіктің Ислам дұшпандығына айналғанын жарыққа шығарғанын баяндаған. Газет рапортта мешітке шабуыл жасау, қауіп төндірген мақала жазу, Құранды өртеу сынды қимылдар жасағандарға жаза берілмегенін жеткізген. Хабарда рапорт бойынша Исламофобияның Германияда шыңға жеткенін, сондай-ақ осы таңға дейін 78 мешіттің зақымдалғанын және Еуропа қалаларында болса ислам дініне қарсы 60 шабуыл ұйымдастырылғанын меңзеген.


Хабар Түрік газетінің «Палестина Халықаралық жаза сотына шағым жасады» деген хабарында Израильдің Палестина территориясынан шегінуін мақұл көрген заң жобасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданбаған соң Халықаралық жаза сотына шағым жасағанын жазған.


Акшам газетінің «Экспортта тарихи рекорд жаратты» атты хабарында Түркияның 2014 жылымен республика тарихының экспорт рекордымен қоштасқанын білдірген. Газет өткен жылмен салыстырғанда 4 пайыздық арту көрсеткен экспорттың 157,6 миллиард доллар ретінде жүзеге асқанын атап өткен. Локомотив сектордың 22,27 миллиард доллармен автокөлік болғанын меңзеген хабарда ең көп экспорт жасалған бес елдің ретімен Германия, Ирак, Ұлыбритания, Италия және Франция екеніне орын берген.


Сабах газетінің «Иранмен сауда кезеңі» деген хабарында Түркия мен Иран арасында Таңдаулы сауда келісімінің 1 қаңтар күнінен бастап атқарылатынын мәлімдеген. Газет Түркиядан 140, Ираннан 125 болып жиыны 256 өнімде кеден салық мәселесін шешетінін жариялаған. Хабарда Экономика министрі Нихат Зейбекчинің «Бүгін Түркия мен Иран саудасының, достығының, саяси және экономикалық серіктестігінің өте маңызды бір бастама күні. Тегеранда түрік сауда орталығын құрамыз» дегенін жеткізген.


Миллиет газетінің экономикалық бетінде жарияланған «Әлем мердігерлеріне түрік төрағасы» атты хабарында Түркия мердігерлер одағы төрағасы өкілі Емре Айкардың әлем құрылыс саласының ең жоғарғы ұйымы болған Халықаралық мердігерлер конфедерациясы басқару алқасы төрағалығына сайланғанын білдірген.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар