23.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

157171
23.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газеті Түркияның Ирак саясатына байланысты бір хабарға орын берген. Газеттің жазғанына қарағанда, Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз Ирактың 2040 жылға дейін әлемге мұнай беретін ең маңызды елдердің бірі екенін айтты. Хабарға қарағанда, министр «2040 жылға дейін 14 миллион баррель артады. Мұның кемінде 4 миллион баррелі Иракта болады. Онда Түркия қалай ғана Ирактағы оқиғаларға көрермен болып қалады? Бұл шындық» деді. Министр «Ирактың қалыпқа енуіне қосылатын үлесті Түркия арттырады» деді.


Стар газеті «Иранға дайын киім жорығы» деген хабар жариялаған. Иранмен сауда келісімі 1 қаңтар күні іске қосылады. Келісім арқылы дайын киімдегі кеден салығы 40 пайызға төмендейді. Бұл жағдайды мүмкіндікке айналдырғысы келетін кәсіпкерлер Тегеранда 1-4 ақпан күндері арасында алғаш рет өткізілетін жәрмеңкені қазірден-ақ толтырды».


Ватан газеті «Таймдан түрік фототілшісіне сыйлық» деген хабар жариялаған. Американдық Тайм журналы соңғы бес жылдан бері агенттіктердің ең үздік фототілшілерін таңдап келеді. Хабарға қарағанда Тайм журналы 2014 жылғы сыйлығын түрік тілші Бүлент Кылычқа береді. 35 жасар Бүлент Кылычтың осы сыйлыққа лайықты деп табылуында Украина, Сома кен апаты және Кобаниде түсірген суреттері ықпалды болды.


Хабертүрік газеті спорттық бір хабарға орын берген. Хабар «Ең қымбат 50 клуб» деп аталады. Әлемдік брендтерге баға беруші компания Brand Finance «Әлем футболының ең қымбат 50 клубы» атты есебін аяқтады. Тізімде түрік футбол командалары Галатасарай 17, Фенербахче 34 және Бешикташ командасы 43-ші кезекте орын алды.


Акшам газеті де спортқа байланысты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ajans Press 2014 жылдың ең таңдаулы спорт түрлерін анықтады. Түркия ең таңдаулы спорт түрі футбол шықты. Футбол баскетболдан 5 есе көп айтылады екен. Түркияда футбол жөнінде 475 мың хабар жарияланған. Ал баскетбол туралы 95 мың хабар жазылған. Баскетболды әйелдер мен балалар да ұнатады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар