12.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлемнің кейбір жаңалықтарына орын берген.

145787
12.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Миллиет газетінің «АҚШ Ф-35 реактивті ұшақтарының моторын күтімі мен жөндеу жұмыстарын Түркияға берді» деген хабарында АҚШ Қорғаныс министрлігі жаңа соғыс ұшағы Ф-35 реактивті ұшақтарының моторының күтімі мен жөндеу жұмыстарын 2018 жылынан бастап Түркияға бергенін жариялағанын жеткізген. Газет Түркияның де іштерінде орын алған 9 ел бірге өндірген соғыс ұшағы Ф-35 ұшақтарының дыбыстан тез қарқында ұша алу және радарға ұсталмау ерекшеліктеріне ие екенін жеткізген.


Хүрриет газетінің «Түрік ағымы 2017 жылына дайын» деген хабары бойынша Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылдыз Ресейден Түркияға салынуы жоспарланған жаңа құбыр желісі «Түрік ағымы»-ның шығынының 20,3 миллиард доллар болатынын айтты. Ресей болса желістің 2017 жылы аяғында дайын болатынын хабарлады.


Акшам газетінің «Шығыс Африка талпынысы» деген хабарында 500 миллион адам санына ие Африка нарығындағы ықпалын арттыруды нысаналаған Түркия аймаққа кіріс түйіндеріндегі елдерге шоғырланатынын жазған. Газет Экономика министрі Нихат Зейбекчи және оның басшылығындағы 100 адамдық іскер делегациямен Шығыс Африканың кіріс қақпасы Джибутиге бір іс сапары ұйымдастырғанын жариялаған. Газет сонымен қатар Джибутиге бір «Ерекше Экономикалық Аймақ» құрылуы үшін екі ел экономика министрлері арасында бір келісім жасалғанын, сондай-ақ түрік іскер әлемі осы келісімі арқылы барлық сектор орын алатын бір ерекше экономика аймағы салынатынын баяндаған. Хабар бойынша Келісім кеңейтіледі және 500 гектардан үлкен бір орын 99 жылдығына Түркияның пайдасына беріледі.


Ватан газетінің «1086 құдық жұмысқа қосылады» деген хабарында Энергия және табиғи байлықтары министрлігінің 2015-2019 стратегиялық жоспарының бағдарламасы бойынша келесі 5 жылда мұнай және табиғи газ жұмыстарын тездетінін мәлімдеген. Газет мұнай мен табиғи газ іздеу аясында 2009-2013 жылдары арасында жыйыны 905 құдық ашылса, енді бұл санақ 2015-2019 жылдары арасында 1086 болатынын атап өткен.


Йени шафак газетінің «Қорғаныс экспорты 35 пайыз артты» деген хабарында Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы экспорты осы жылдың алғашқы 11 айында 1 миллиард 472 миллион долларға жеткенін жазған. Газет қорғаныс өнеркәсібінің экспорт жүзеге асырған елдер санының 150-ден асқанын, сондай-ақ экспортта алғашқы орын иелеген ел өткен жылы болғандай биыл да АҚШ екеніне орын берген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар