10.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркияның маңызды жаңалықтарына орын берген.

143086
10.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті инвестиция жөнінде хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркия мен Ресей арасындағы жақындасу Еуропа Одағында мазасыздыққа жол ашты. ИШИМ-ді талқылау үшін келген Еуропа Одағының күн тәртібінде ұйымнан гөрі инвестициялар болды. Делегация Анкарада «Мәскеуге қарсы бізбен қозғалыңыз» деп шақыру тастады. Алайда дипломатиялық көздер Түркияның Ресеймен қатынастарын жетілдіруді мақсат еткенін атап көрсетіп, «50 жылдан бері Түркияны алдастырып келген Еуроодақ үшін Ресеймен қатынастарда өз мүддесінен бас тартуын ешкім күтпесін» деген.


ХаберТүрік газеті «Түркия эболамен күресте Африкамен бірге» деген тақырыппен хабар жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда, Денсаулықты сақтау министрлігі Түркия шекара және жағалау директоры Хүсем Хатипоғлу «аймаққа қажетті медициналық жабдықтар үш апта бұрын Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия және Сенегалге тапсырылды» деді. Хатипоғлу жаһандық медицина үшін қатер қалыптастырған эболаға ұшырағандардың санының 17 мың 290, қайтыс болған адам санының болса 6 мың 128-ге жеткенін айтты.


Сабах газетінің тақырыбы болса «Мугла 37 елге экспорт жасауда» деп аталады.
Хабарға қарағанда, Түркия өндірісінің 20 пайызы жүзеге асып отырған Мугладан 37 елге мәрмәр экспортталып отыр. Мугла Мәрмәршілер қоғамының атқару комитеті төрағасы Абдуллах Кочар 2 жыл бұрын 22 болған экспорт жасалған ел санының 37-ге жеткенін айтып былай деді: «Мәрмәр экспортталған елдер басында 2008 жылдан бұрын Еуропа елдері келетін. Еуропадағы экономикалық дағдарыс салдарынан соңғы жылдары Таяу Шығыс және Африка елдеріне экспорт артты. Қытай, АҚШ, Ирак, Сирия, Алжир, Марокко, Тунис, Катар және Сауд Арабиясына мәрмәр жолдап отырмыз».


Акшам газеті Түркияда террорды доғару үшін жүргізілген шешім үдерісіне байланысты хабарға орын берген. Шешім үдерісі жалғасып жатқан кезде, бизнес әлемінің Оңтүстік Шығыс Анадолыға қолдаулары артты. Хабарға қарағанда, 2023 жылы 500 миллиард долларлық экспорт мақсатына жету үшін шешім үдерісі маңызды қақпа ретінде қолданылуда. Түркия экспортшылар мәжілісі төрағасының орынбасары Сүлейман Коджасерт экспортшы компанияларды аймаққа бағыттағандарын білдіріп, «Аймақты көтеруге тырысудамыз» деді.


Миллиет газеті «105 жасында қайтыс болған Ханифе әжеге 90 жасар баласы жылады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Сакарияның Акязы ауданында 105 жасында қайтыс болған Ханифе Фурунджуоғлуны жаназасында 103 жасар сіңлісі Кезбан мен баласы 90 жасар Режеп жылып тұрып шығарып салды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар