03.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

135687
03.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Еуропаға табиғи газ шоқы» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Путиннің Түркия сапарында Оңтүстік ағым желісінен бас тартып, Түркияға бағыт алуының Еуропаны шоқ етті. Балкан мемлекеттері үміт артқан жаңа табиғи газ желісінің Түркия арқылы өтуі Мәскеу мен Анкараның стратегиялық ортақтығы ретінде бағаландырылды. Путиннің Еуропаға газ ағымын қамтамасыз ететін жаңа табиғи газ құбыр желісінің Түркия арқылы салынатыны жайлы мәлімдемесі әсіресе Шығыс Еуропа мемлекеттерінде дағдарыс туғызды.
Сабах газеті «Түркия шетелдік инвесторлардың шоқ жұлдызы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Mapfre» тобының жыл сайын әртүрлі мемлекетте жоғары деңгейдегі басшылардың қатысуымен жүзеге асатын директорлар жиналысы биыл Стамбұлда жүзеге асуда. Директорлар жиналысында сөз алған «Mapfre» тобы төрағасы Антонио Уэртас Түркияның инвесторлардың назарын аударып жатқанын айтты. Түркияның өзіне тән ерекшеліктері бар екенін және инвесторлардың назарын аударғанын атап айтқан Уэртас «Біріншіден Түркия үлкен бір мемлекет және тұрғын саны өте көп. Екіншіден үздіксіз өскен бір экономикаға ие. Үшіншіден стратегиялық тұрғыдан өте маңызды бір жерде орналасқан» деді.
Стар газеті «‘Travel Turkey Іzmir’ 4 желтоқсан күні ашылады» атты хабар жариялаған. Түркияның туризм саласындағы ең маңызды бас қосулардың бірі ретінде ‘Travel Turkey Іzmir’ туризм көрмесі және конференциясы 4 желтоқсан күні Измир халықаралық көрме алаңында ұйымдастырылатын рәсіммен есіктерін 8-ші рет ашады. Көрме 2015 жылы үшін туризм ынтымақтастығын құруды мақсат етеді.
Сабах газеті «Түрік-Жапон ортақ фильмі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жапонияның Анкара өкілетті елшісі Йутака Йокои түсіріліп жатқан Эртуғрул фрегатының ортақ бір фильм жобасы екенін, келесі жылы аяқталуы күтілген фильмде белгілі түрік және жапон актерлердің ойнайтынын мәлімдеді.
Османлы падишасы 2-ші Абдулхамид тарапынан Жапонияға сапар шеккен және Жапон императорына сыйлықтар апару мақсатты аралға жіберілген Эртуғрул фрегаты 1980 жылы 16 қыркүйек күні қайтып оралған кезде Кушимотоның Ошима аралы маңындағы жартастарға соғылысып суға кеткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар