22.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және халықаралық кейбір жаңалықтарға орын берген.

201390
22.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газетінің «Үш бастама үшін атсалысудамыз» деген хабарында Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкырдің ресми сапармен Люксембургке барғанына, сондай-ақ бұл жерде Сыртқы істері және Еуропа істеріне жауапты министрі Жан Ассельборнмен кездескеніне орын берген. Газет оңаша және делегациялар арасы кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихат өткізген Бозкыр мен Ассельборндің Түркияның Еуропа Одағы келіссөздерінің тездетілуі жөнінде келіскенін жеткізген.


Хабар Түрік газетінің «Ол қайнарлардан Солтүстік Кипр Түрік Республикасы да пайдаланады» атты хабары бойынша Түркия Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылдыз бен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Қоршаған орта және табиғи байлықтар министрі Хакан Динчйүррек таңғы аста бас қосты. Кипрдің маңындағы барлық табиғи байлықтардың Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өмір сүрген халықтарға тән екенін айтқан Динчйүрек «Осы құқықтарымыздан пайдаланамыз» деді.


Стар газетінің «1,5 триллион долларлық ақылды қалалар нарығы WİCS-те қолға алынады» деген хабарында Әлем ақылды қалалар саммиті WİCS 10-11 желтоқсан күндері аралығында Conrad İstanbul Otel қонақүйінде өтеді. Хабарға қарағанда биыл үшінші мәрте ұйымдастырылатын жоғарғы деңгейдегі саммиттің бағдарламасында ғылым, хабарласу технологиясы, денсаулық сақтау, туризм, телекоммуникация, қауіпсіздік, қатынас, энергия және қаржы сынды тақырыптар жөнінде 30-дан астам елдің қатысушылары талқылайды.


Йени Шафак газетінің «Түркияның ең үлкен лабораториясы» атты хабарында Стамбул Анадолу Солтүстік Мемлекеттік ауруханасы одағы тарапынан жұмысқа қосылған орталық лабораториясының арқасында мүшесі болған 11 ауруханада алынған қан үлгілері жалғыз орталықта тексерілетінін хабарлаған. Газет осы ауруханаларға барған аурулардың қан үлгілері тез арада орталыққа жеткізілетінін жариялаған.


Хүрриет газетінің «Түркия қартайған Еуропа үшін өте пайдалы» хабары бойынша Денсаулық туризм қоғамы төрағасы Синан Ибиш Түркияның қарттарға қарау туризмінде көптеген мүмкіндіктерге ие екенін білдіріп, «Еуропа Одағы елдерінің қарттардың белсенді, бақытты және дені сау өмір сүрулері жөнінде шара тапқан елдің бірі Түркия ретінде қаралуда» деді.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар