14.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

190072
14.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Түркияның жеңісі» деген хабар жариялаған.

Хабарға қарағанда, Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама ISIS-пен күресте жаңа Сирия стратегиясын дайындап жатыр. CNN арнасының хабарына қарағанда, Обама ISIS-ті жеңудің Асадты төңкерумен болатынын ойлай бастады. Баршаға мәлім, Түркия көп уақыттан бері Асад жүйесінің Сириядағы оқиғалардың жауаптысы екенін және Сирияның тұрақтылыққа келуінің Асадтың төңкерілуімен мүмкін екенін айтып келген еді.


Сабах газеті басқа бір тақырыпқа орын берген. Хабарға қарағанда мұнай бағысының соңғы 4 жылдың ең төмен деңгейіне келуі Түркияға пайдалы. Түркиядағы инфляция 1 ұпай азаяды. Осы үміт Түркияға шетелдік іскерлердің ықыласын да арттырды. Хабарға қарағанда, Societe Generale кеше бір анализ жариялап, мұнайдағы төмендеудің Түркия экономикасына жылына 1 пайыз үлес қосатынын білдірді. Халықаралық энергия агенттігінің бас экономисті Фатих Бирол да мұнай бағасының төмендеуінің Түркияға 1-2 жыл пайдалы болатынын айтты.


Йени Шафак газеті «Түркияның ІМҒ-тегі күші артуда» деген хабар жариялаған. Халықаралық Валюта қоры Атқару директорлығы міндетін жақында қабылдаған Ибрахим Чанакчы осы міндеттің Түркияның халықаралық аренадағы көрінісі тұрғысынан маңызды жетістік екенін атап көрсетті. Чанакчы «Түркия атқару директорлары кеңесінде тікелей өкілдік жасау арқылы жаһандық экономикадағы оқиғаларды жақыннан қадағалайды, осы оқиғаларды белсенді түрде бағыт бере алатын болды» деді.


Хүрриет газеті «Рак ауруына виртуалды пышақ» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркияның Самсун қаласында рак науқастары «Cyberknıfe» жиһазымен емделуде. Газеттің жазғанына қарағанда, осындай пышақтан елде тек он дана ғана бар. Самсун білім және зерттеу ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Др. Өзден Караогланоғлу аталмыш жиһазбен 4 см және одан кішкене ісіктерге сәуле бергендерін айтып, «Науқасқа операция арқылы істелетін емді жиһаз атқарады. Қазірге дейін 135 науқас емделді» деді.


Стар газеті «Лос-Анджелесте оркестр маусымының ашылуына түрік өнерпаз таңба басты» деген хабар жариялаған. Лос-Анджелес Филармония оркестрі жаңа маусымды түрік көріністі медиа шебері Рефик Анадолдың видео концертімен ашты. Осындай қойылым дүние жүзінде осы салада алғаш рет жүзеге асырылды. Хабарға қарағанда, Анадол әсіресе «сәулет, қозғалыс және филармониялық оркестр музыкасына бас қостырған осындай қойылым бұдан бұрын болмады» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар