13.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

188688
13.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «263 ақпараттық жобаға 3,7 миллиард лира төленеді» атты хабар жариялаған.


Хабарға қарағанда 2014 жылы Инвестиция бағдарламасында мемлекеттік мекемелердің 263 дана ақпараттық жобасы үшін шамамен 3,7 миллиард лира қаржы бөлінетініне назар аударған Йылмаз Түркияның ақпараттық қоғамға айналу кезеңінде жоғарғы сатыны анықтайтын Ақпараттық қоғам стратегиясы және қозғалу жоспарын баршаны қамтитын бір түсінікпен дайындағандарын атап көрсетті.
Акшам газеті «Әр құдықтан мұнай шығады» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Батманда соңғы айларда Гарзан ағысы жағалауында жаңа алаңдарға бет бұрған Түркия Мұнай серіктестігі акционерлік қоғамы екі алаңда сапалы мұнай табылған соң құдық санын 14-ке жеткізді. Түркия Мұнай серіктестігі акционерлік қоғамы 10 құдықтың бұрғылау жұмыстарын өз топтарымен жүргізуде.
Сабах газеті «Салоникидегі Ататүрік үйіне келушілер саны рекорд жасады» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Салоники Бас консулы Туғрул Билтекин Салоникидегі Ататүрік үйіне келген келушілер санының күн өткен сайын артқанын атап «Келушілер саны 2011 жылы 20 мың болса қазір осы көрсеткіш 100 мыңға жақындады. Санның жылдың соңында 100 мың болуын күтеміз. Осы шынында да үлкен бір рекорд» деген.
Миллийет газеті «Симит сарайы Нью-Йорк 5-ші даңғылда ашылда» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Симит сарайы атқару кеңесі төрағасы Абдуллах Кавукчу Нью-Йорк 5-ші даңғылда дүкен ашқандарын айтқанын білдірген. Кавукчу Симит сарайының Голландиядан Сауд Арабиясына дейін 14 мемлекетте 300 дүкенде 8 мың 600 қызметкерімен 650 мың адамға қызмет көрсеткенін жеткізген.
Хабер түрік газеті «Түркия кинофильм бас қосулары Мәскеуде басталады!» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда «Түркия кинофильмдері әлем академиялық бас қосуларының» (TSDAB) алғашқысы 19-23 қараша күндері арасында Мәскеуде ұйымдастырылады. Академиялық бас қосулар мен Түркия кинофильмдерінің шығармашылық, салалық және академик тұрғысының күшейтілуі, әлем академиясының құрамына кіріп, тұрақты болуы және орта мерзімде кинофильм негізді «Аналитика жасау орталығын» құруды нысанаға алынады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар