05.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер көбіне экономикалық жаңалықтарға орын берген.

181535
05.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Еуроодақтан Түркия болжамы» атты хабар жарияланған.

Еуропа Одағы комиссиясы тарапынан «2014 Күз Еуропа экономикалық болжамдар» рапортында Түркия өсімінің 2014 жылы 2,8, 2015 жылы 3,3 және 2016 жылы 3,7 пайыз болатыны көзделген. Газеттің хабарына қарағанда, Еуропа Одағы комиссиясы авро аймағы үшін 2014 жылдың өсім болжамын 1,2-ден 0,8 пайызға, 2015 жылғы өсім болжамын 1,7-ден 1,1 пайызға төмендетті.


Хабертүрік газеті болса «ІМҒ-те Түркия кезеңі» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Қазынаның бұрынғы кеңесшісі Ибрахим Чанакчы Халықаралық валюта қорындағы атқару комитеті басшылығы міндетін ресми түрде бастады. Арасында Түркия да бар 8 елден тұратын Орталық және Шығыс Еуропа атқару кеңесі басшылығын Аустриялық әріптесі Йохан Прадерден қабылдап алған Чанакчы алғашқы жиналысына қатысты.


Акшам газеті басқа бір тақырыпқа орын берген. Хабар «Ғаламның құпиясын шешуге тырысқан түрік» деп аталады.


Гедиз Университеті Машина инженерлігі бөлімінде оқитын студент Ибрахим Джан Гөргүлү ғылымның орталығына қадам басты. Хабарға қарағанда, Гөргүлү ғаламның құпиясын шешуге тырысқан CERN-нен шақыру алды. Швейцарияның Женева қаласындағы әлемнің ең ірі лабораториясында екі ай білім алды. Әлемдік деңгейдегі ғалымдармен бірге сынақтарға қатысқан түрік жігіт 60 жылдық CERN-нде жаңа құрылатын жер асты базасының дайындық жұмыстарына атсалысты.


Стар газеті «Кеме және яхта экспорты он айда бір миллиард доллар әкелді» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, кеме мен яхта саласының экспорты қаңтар-қазан айлары аралығында өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 4,3 пайыз артып, 1 миллиард 52 миллион 933 мың долларға жетті. Экспорттың жартысынан көбін қамдаған Стамбулдың экспорты болса 8,48 пайыз артып, 715 миллион 924 мың долларға жетті.


Ватан газеті «Стамбулға ең көп олар келеді» деген хабар жариялаған. Газеттің жазғанына қарағанда, Стамбулға қаңтар-қазан айлары аралығында 10 миллион 142 мың 888 турист келді. Қалаға келген шетелдік саны өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 13 пайыз артты. Осы туристердің 10,3 пайызын немістер, 5 пайызын орыстар құрайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар