31.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдік кейбір жаңалықтарға орын берген.

175868
 31.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газетінің «Террорды қаржыландырған Асад екен» атты хабары бойынша, Террор ұйымы ISIS-тің Түркия арқылы мұнай сатқаны жөніндегі жалған өсектер ресми түрде теріске шығарылды. ISIS мұнайын сатқандардың бірі Сирия Дамаск әкімшілігі болып табылады. ISIS қолға түсірілген рафинирлердегі мұнайдың маңызды бөлімін тікелей Асадқа сатуда. Әсіресе, Ракка аймағындағы мұнай байлығы осы жол арқылы сатылуда. ISIS-тің мұнайының екінші бағыты Иран. Ирак арқылы Дубай нарығына жеткізілуде.


Хабар Түрік газеті «АҚШ Түркиямен байланысты қауесеттерге жауап берді» атты хабарында АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джен Псакидің Вашингтон Пост газетіне берген сұхбаты орын алған. Газет Псакидің Түркия-АҚШ одақтастығының іргетасы солқылдады деген хабарларға байланысты «Жазған мақаланың бәріне сене бермеңдер. Өйткені Түркия тек НАТО одақтастығы ғана емес, сонымен қатар ISIS-ті әлсірету және оның көзін жоғалту талпыныстарында АҚШ-тың одақтасы. Түркиямен бірқатар жұмысты бірге істеудеміз» деді.
Сабах газеті «Moody’s Түркия экономикасын қолға алады» деген хабарына қарағанда Moody’s Түркия экономикасын «8 жылдық Түркияның несие жағдайы» атты конференциясында талқылайды. Бұл жиналыс 5 қарашада Чыраган Сарайында өтеді. Moody’s баспасөзге ашық өтетін жиналыста Түркияның қарызы, түрік банктері, түрік фирмалары, Түркиядағы құрылыс жұмыстары, Түркияның жылжымайтын мүлкі және ислам банк сынды тақырыптар қолға алынады.


Йени Шафак «Кеденнен өтетін көліктер тексеруден өтеді» деген хабарына орын берген. Хабарда Капыкуле кеден қақпасында тексеру жүргізген Кеден және сауда министрі Нуреттин Жаникидің заңсыздық әрекеттермен күресуде жоғарғы технология аспаптар қолданудың маңызды екенін айтқанын жеткізген. Газет Жаникидің «Нақтылы нысанамыз Түркияға кірген барлық жабдықтар мен көліктердің тексеруден өткізілуі. Сонымен қатар Түркияға келген барлық жүктер мен контейнерлердің бақылау астына алуы. Осы істерді жүзеге асырғанымызда әлемде бұны атқарған жалғыз ел боламыз» дегенін хабарлаған.


Стар газеті «Карс кішкентай Қытай болады» деген хабарына қарағанда Азия мен Еуропаны бір-біріне жалғастыратын темір жолы үшін орталық болған Карста жандану бар. Қалада жасалатын инвестиция арқылы қала кішкентай Қытайға айналады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар