29.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер 29 қазан Республика мерекесі құттықтауларына байланысты хабарларға кең орын берген

173854
29.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Түркия Республикасы құрылғандығының 91 жылдығы» деген тақырыптағы хабарымен мерекені жазды.


Газет енді 9 жылдан кейін Республика мерекесінің 100 жылдығы тойланатынына тоқталды.
29 қазан Республика мерекесі құттықтаулары Аныткабирден бастады.
Хүрриет газеті 29 қазан Республика мерекесі хабарында Грекияның Солоники қаласындағы Ататүрік үйінің Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан Түркиядағы мұражайлардан жиналған Ататүріктің 50 бөлек жабдығымен байытылғанын хабарлаған. Хабарда мұражайдың жаңаланғаннан кейін бүгін ашылғаны, мұражайға Ұлы көсем Ататүріктің шешесі Зубейде Ханымның мүсіні де қойылғаны білдірілген.
Йени Шафак газеті «Берлинде босқындар саммиті»деген тақырыппен берген хабарында Германияның Сирияға көрші елдердегі босқындардың болашағы қолға алынған халықаралық конференцияға үй иесі болғанын жазды.
Газет «Аймақта Тұрақтылықты қолдау және сириялық босқындардың жағдайы» деген тақырыптағы халықаралық конференцияға Түркиядан Сыртқы істер министрінің орынбасары Нажи Корұның қатысқанын білдірген.
Газет конференция 3.2 миллион сириялық босқынға жәрдем жұмыстарын ұйымдастырып жатқандарын жазды.
Акшам газеті «Түркиямен келіссөздердің қайта бастауына разымыз» деген тақырыптағы хабарында Еуропа парламенті депутаты және Түркия-Еуропа Одағы Аралас Парламент комиссиясының кабинет басшысы Янкель Фануельдің мәлімдемелеріне тоқталған. Газет Янкель Фануельдің Түркиямен келіссөздердің қайта бастауына разы болғандарын және Еуропаның христиан клубы деген қауесеттердің зайырлық ережесінен бас тарту мағынасына келетіндіктен мұның өте қауіпті екеніне меңзелгенін білдірген.
Стар газетінің экономика бетіндегі хабарда «Үш банктен 779 миллион пайда түсті» деген тақырыппен берген хабарында түрік банктерінің алғашқы үш айдағы кірісінің 779 миллион лира болғанын жазған.
Миллиет газеті «Бұғаздың астынан 2016 жылы көлік өтеді» деген тақырыптағы хабарында Қатынас, теңізшілік және коммуникация министрі Лутфи Елванның Босфор Бұғазының астынан автожол өткізетін Еуразия тунелінің 2016 жылдың соңында аяқталатынын білдірген.
Газет Елванның тунелдің жер асындағы 5.4 километрінің 1.27 километр бөлегі жасалып біткенін хабарлаған. Хабарда Еуропа мен Азия құрлықтарын теңіздің астынан бір-біріне жалғайтын Мармарайдың бүгін бір жылдығын тойлап отырғаны хабарланған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар