28.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

172932
28.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Түркиядан хабар күтіп отыр» деген хабар жариялаған.

Хабарға қарағанда, Ирак күрд аймақтық әкімшілігі Пешмерга министрі Мұстафа Сеид Кадир қарулы күштердің Кобаниге өту үшін түрік үкіметінің жауабын күтіп отырғанын білдірді. Парламентте депутаттармен бас қосқан Кадир «пешмерга күштері Кобаниге бару үшін дайын. Жолға шығу үшін Түркия үкіметінің жауабын күтіп отырмыз. Жауап келген соң жолға шығамыз» деді.


Акшам газеті «Ақүйден маңызды хабарлама» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Джо Байден 17 қараша күнінен бастап бір апта бойы Марокко, Украина және Түркияға сапарлай келеді. Іссапарының соңғы аялдамасы Түркияда Байден президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлумен кездеседі.


Стар газеті «Тікелей капитал 8 айда 8,6 миллиард долларға жетті» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, геосаяси рисктерге қарамастан Түркияға халықаралық тікелей инвестиция жылдамдығын тоқтатпады. Жылдың сегіз айлық кезеңінде халықаралық инвестиция өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда, 9,8 пайыз артып, 8 миллиард 639 миллион долларға жетті.


Йени Шафак газеті «Алғаш рет түрік дәрігерге берілген сыйлық» атты хабар жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда, Еуропаның балалар денсаулығы және аурулары саласында ең ірі организациясы болып табылатын Педиатрия қоғамдары Еуропа құрылтайы Испанияның Барселона қаласында болып өтті. Биыл 5-шісі болған, әлем көлемінде 40-тан астам елден балалар дәрігерлері қатысқан құрылтайға бір түрік дәрігер таңбасын басты. «Балалар және жаңа туған нәресте реанимация» аталымында «Үздік жас зерттеуші» сыйлығын Доц. Др. Мерих Четинкая иеленді.


Миллиет газеті туризм саласынан бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия Саяхат агенттіктері одағы басшысы Башаран Улусой «Биыл құрылтай туризмі табыстары 3 миллиард доллардан асады» деді. Газеттің хабарына қарағанда Түркия мәдениет туризмінде болғаны сынды құрылтай туризмінде де марка елге айналды. Стамбул, Анталия, Анкара, Измир, Бурса және Кушадасындағы құрылтай орталықтары көптеген халықаралық жиналыстарға мекен болуда. Тек Стамбулдың өзінде ғана 49 мың қонақ күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар