27.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

27.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газеті «Анкараның Кобани бастамасы» атты хабар жариялаған.

Газет Анкараның террор мен көш қаупіне қарсы «қауіпсіз желі» құру үшін жаңа бір бастамаға дайындалғанын жазған. Хабарға қарағанда АҚШ басшылығындағы коалиция күштерін көндіру үшін Анкара-Вашингтон желісінде дипломатиялық тығыздық қайтадан басталады. Қыс маусымы жақындағаны себепті дереу шара қабылдануын талап еткен Анкара болымды жауап алмаған жағдайда өз қауіпсіздігін қорғау үшін бір жақты қауіпсіз аймақ жариялау үшін дайындықтарын бастады.
Ватан газеті «Анкара қарулардың PYD-нің қолына өтуін алдын алу үшін іске кірісті» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Анкара Тәуелсіз Сирия армиясын «Сирия төңкерісіне зиян келеді» жолдамасымен Кобаниге жәрдем үшін көндірді. АҚШ-болса «Қарулар PYD-ге емес, пешмерге немесе Тәуелсіз Сирия армиясына берілсін» деген жолдама жасады. Газет PYD-нің PKK террор ұйымының жалғасы екені және қолға түсіретін күш пен қарудың Түркияға бағытталатынын түсіндірілгенін білдірген.
Йени шафак газеті «Түркияда ‘ақ тізім’ толқынысы!» деген хабар жариялады. Хабарға қарағанда Түркияның заңсыз ақшамен күресте 4 жылдан бері орын алғаны сұр тізімнен құтылуы, халықаралық фонд кірісі тақырыбына маңызды үлес қосады. Газет ақ тізімнің банктерді одан бәсекелес қылатынын, алпауыт фондтардың есіктерін ашып, несие бағасына болымды әсер ететінін жазған.
Стар газеті «Түрік жылжымайтын мүлік саласы Еуроодақтан жылдам өседі» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Жаһандық жылжымайтын мүлік кеңесші фирмасы ERA-ның Еуропа төрағасы Франциск Гагнон түрік жылжымайтын мүлік саласының соңғы жылдары көтерілгенін және күшінің Еуропадан асқанын айтты. Гагнон Түркияның биылдың алғашқы 7 айында шетелдікке тұрғын үй саудасында 2.4 миллиард долларлық табысқа қол жеткізгеніне назар аударды.
Сабах газеті «Қаратеңіз ормандары 4 маусым жасыл» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда әр маусым жасыл көрінісін сақтаған ағаштарға сары түстің түрлері түскен Қаратеңіз ормандары табиғат сүйер қауымды күтеді. Газет Күре (Исфендияр) таулары Ұлттық паркінің Джиде, Аздавай, Пынарбашы аудандарына тараған жасыл түсі ішіндегі жабайы тіршілікпен көктемде басқаша керемет көрінгенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар