21.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әолемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

165105
21.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Люфтганзаның сюрприз Түрік әуе жолдары мәлімдемесі» атты хабар жариялаған.

Хабарда Еуропа Әуе жолдары одағының жиналысы үшін Стамбұлға келген Люфтганза тобының директоры Карстем Спохрдың Түрік әуе жолдарымен ұзақ қашықтыққа арзан бағамен ұшатын ортақ бір әуе жолы фирмасы құру жөнінде келіссөздер жүргізгендерін айтқанын білдірген.
Йени Шафак газетінің хабары «Түрік дәмдері Парижде» деп аталады. Хабарға қарағанда Азық-түлік саласында түрік фирмалары әлем алпауыты болуды нысанаға алған. 227 түрік фирмасы Франциядағы әлемнің ең маңызды азық-түлік көрмелерінің бірі «SIAL 2014»-ке қатысты. Стамбұл сауда палатасы төрағасы Ибрахим Чағлар жалпы қатысушы санының 265 екенін атап, Түркияның көрмеге ең жоғары деңгейде қатысқанын жеткізді.
Акшам газеті «Министрлік кедейлікпен күресті бастады» деп аталатын хабарында Жанұя мен әлеуметтік саясаттар министрлігінің «Әлеуметтік жәрдем заң жобасы» дайындау үшін іске кіріскені жазылған. Хабарға қарағанда жоба күйіндегі жұмыспен кедейлік және кедейлік рискі астындағы жанұяларға қол жеткізіледі. Түркияда кедейлікті жоюды нысанаға алған стратегия аясында кедей жанұяларды анықтау, оқу және денсаулық сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету және басқа да тақырыптар қолға алынады.
Хүррийет газеті «Фондтардың жаңа мекені Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс энергия алпауыты Газпромның қаржы көзі Газпромбанктың Байлықтарды басқару бөлімшесінің төраға орынбасары Айлин Сунтай Украина дағдарысының Түркияға жаңа мүмкіншіліктер туғызғанын айтқан. Хабарда Сунтайдың Еуропадан шыққан фондтардың жаңа мекенінің Түркия болатынын атап, «Түркияның сүт және сүт өнімдері, жеміс-жидек, әйнек, энергия, денсаулық сақтау, оқу сияқты салаларда мүмкіндіктері бар» дегені атап көрсетілген.
Йени Шафак газеті «Феррари самалы Стамбұлда еседі» деп аталатын хабарында сәуір айында Италияның Монза қаласында басталған Феррари жарыс күндерінің 6-шы бөлімінің 24-26 қазан күндері арасында «Intercity Istanbul Park» та жүзеге асатыны жазылған. Газет Түркияда тұңғыш рет ұйымдастырылатын және үш күнге жалғасатын жарыстар аясында Ферраридің көптеген жарыс көлігін қызығушыларына таныстыратынын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар