12.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

153986
12.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газеті «Дания Мәжіліс төрағасы: Құрлық операциясына Түркия басшылық жасау керек» деп аталатын хабарында Дания Мәжіліс төрағасы Могенс Луккетофттың Түркияның ISIS-пен күресте одан белсенді рол атқаруын күткендерін, құрлық операциясының Түркияның басшылығында Араб мемлекеттерімен жасалу керектігін айтқанын жазған. Газет Лукекетофттың «Батыс мемлекеттері құрлық операциясына қатыспайды» деген сөздеріне де орын берген.
Сабах газеті «Ұлттық пойыз қараша айында теміржолында болады» деп аталатын хабарында Ғылым өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышыктың Ұлттық электр жүйелі локомотив E1000 жобасының келесі айда іске қосылатынын айтқаны атап көрсетілген. Газет Ышыктың ТҮБИТАК қолдау берген 18 ғалым жұмыстанған және шамамен 10 миллион лира бюджет бөлінген жобаның Түркия Локомотив және мотор өнеркәсібі акционерлік қоғамымен (ТҮЛОМСАШ) бірге жүзеге асырылғанын және қамқоршы өнеркәсіптік фирмадан қажеттік материалдардың қамтамасыз етілгенін түсіндіргенін білдірген.
Ватан газеті «Атом станциясы жобасының алғашқы жұмыстары көктемде басталады» деп аталатын хабарында Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыздың Аккуйу атом электр станциясы үшін алғашқы жұмыстарды наурыз немесе сәуір айында бастауды жоспарлағандарын айтқанын жазған. Газет Йылдыздың «Осы атом қуаты станциясының ғимараты core (өзегі) қабатының ірге тасын қалау деген мағынаға келмесе де, порт құрылысының және атом станциясы ауылының ірге тасын құдай қаласа наурыз немесе сәуір айында бастаймыз» дегенін атап көрсеткен.
Миллийет газеті «Марканы алға шығарайық» деп аталатын хабарында Экономика министрі Нихат Зейбекчинің түрік маркаларының ішімдік пен зиянды материалдардан басқа сериалдарда мозаикалармен жабылуына қарсы екенін атап «Бұл мозаикамен жабу емес, цензура дегенін жазған. Хабарға қарағанда Зейбекчи Стамбұлда өтетін жиналыста түрік маркаларының және Түркияның туристік құндылығының фильмдер мен сериалдарда қолдану тақырыбын қолға алатындарын жеткізді.
Йени шафак газеті «Әлемнің алпауыттары Стамбұлға келеді» деп аталатын хабарында Стамбұлдың 17 қазан күні ауқымды бір іс-шараға қонақжайлық жасауға дайындалғанын білдірген. Газет Google, Эжзаджыбашы, Бритиш Мұнай (BP) және Shell сияқты фирмалардың қамтамасыз етуші фирмалары, сатып алу және нарыққа шығару стратегиялары тақырыптарында маман басшылары мен кеңесшілерінің Халич Конгресс орталығында бас қосатынын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар