09.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркия тұрғысынан маңызды хабарларға орын берген.

152044
09.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «АҚШ пен Ұлыбританиядан аралық аймақ туралы мәлімдеме» атты хабарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филип Хэммондтың Вашингтонда баспасөзге мәлімдеме жасағанын жазған.

Хабарға қарағанда, Джон Керри осында Түркияның ISIS-пен күресте қандай рол атқаратынының алдағы күндері белгілі болатынын айтып, «Түркияның Сирия шекарасында аралық аймақ ұсынысын талқылау керек» деді.


Акшам газеті «НАТО Бас хатшысы Түркияда» деген тақырыппен хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Одақ Түркияны да қосқанда мүше елдердің барлығын қорғауға дайын» деді. Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын білдірген бас хатшы «Одақ шекарадағы оқиғаларды жіті қадағалап отыр. Алайда Анкарадан шекара қауіпсіздігін арттыру үшін талап келген жоқ» деді.


Миллиет газеті «Айн әл Арабқа 2 миллион доллар берді» деген хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарындағы инвестицияларымен атағы шыққан іскер Хамди Улукая ISIS шабуылдарына ұшыраған Айн әл Араб қаласына 2 миллион доллар бағыш берді. Хабарға қарағанда, іскер «Я қырғынға көрермен боламыз, яки адамдарды құтқару үшін бір нәрсе істейміз» деді.


Хабертүрік газеті Түркияның авиация саласындағы бастамаларына орын берген. Хабарға қарағанда, отандық ұшақ, тікұшақ, Ұшқышсыз әуе көлігінің ротасы анықталды. Осы көліктер жоба сатысынан электрондық жүйесіне дейін отандық мүмкіндіктермен жасалады. Көліктерге бөлшек өндіруге үлес қосуды жоспарлаған түрік компанияларына да қолдау беріледі.


Стар газеті «Түркияның тұңғыш жеке меншік әскери дайындық компаниясы құрылды» деген хабар жариялаған. Газеттің жазғанына қарағанда, АҚШ сынды көптеген елде кездесетін, алайда Түркия үшін жаңа ұғым болып табылатын «қорғаныс және әскери дайындық жеке меншік компаниясы» ісін бастады. Отставкадағы офицерлерден тұратын осы компания десант операцияларынан су асты шабуылдарына дейін барлық салада шетелдік армияларға кеңесшілік жасап, дайындық қызметін береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар