07.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Түркия мен Сирия шекарасындағы қақтығыстарға байланысты хабарларға кең орын берген.

150370
07.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Түркия шекараға танктен қабырға салды» деген тақырып қолданды.
Газет террористік ұйым Ирак Дамаск Ислам мемлекеті мүшелері мен Кобаниді қорғаған әскерлер арасындағы қақтығыстардың қала орталығына шоғырланғанын хабарлады.
Хабарда қақтығыстар Шанлыурфаның Суруч ауданындағы шекара желісінен де көрілгені, Түрік Қарулы Күштерінің шекарадағы биік төбелерге танк орналастырғаны білдірілді.
Миллиет газеті Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаздың «Сириямен байланысты оқиғалар басталған кезден-ақ біз НАТО-дан қажетті жобалардың дайындалуын талап еттік. НАТО да түрліше мүмкіндіктерді ескере отырып бір жоба дайындады. Түркияға бір шабуыл жсалса, НАТО Вашингтон келісімінің 5-ші бабының билігіне негізделе отырып, жауапкерлігін орындайды» дегенін жеткізген.
Акшам газеті «Әлем дәуі Солтүстік Кипр эмбаргосын жойды» деген тақырып қолданды.
Акшам газеті «Мода дәуі Cerruti әлемге қарсы қасқайды, Солтүстік Кипрда дүкен ашты. Халықаралық саясаттар себепті Түркиядан басқа ешқандай ел танымаған және осы себепті жаһандық маркалар ескермеген Солтүстік Кипр Түрік Республикасына француздардың әлемге танымал маркасы 1881 дүкен ашып, әлемге құқай көрсетті» деп жазды.
Сабах газеті «Түркияның қоқысы өте құнды» деген тақырып қолданды хабарына.
Хабарда 250 мыңнан астам үйді жылыту және электр қажетін қамдау үшін қоқыстардың жанармай ретінде қолданылуына қол жеткізген Швецияның тіпті көп үйді жылыту мақсатымен көршісі Норвегиядан 80 мың тонна қоқысты импорт етуі қайта өңдеудің маңыздылығын көрсеткені жазылған.
Қазына бостығының 71 пайызы энергия импортына кететін Түркияда қала әкімшіліктері ел көлемінде жылына мөлшермен 30 миллион тонна қалдық зат жинайды.мамандар қатты қалдықтарды энергияға айналдыру үшін қолдану арқылы энергияға тәуелділіктің азайтылатыны мөлшерленуде.
Радикал газетінің интернет парақшасы «Арабтар Қаратеңізде демалыс ауылын салады» деп жазды.
Газет Сауд Арабиясынан келген бір делегацияның Самсунның Айважык ауданында 40 гектар жер сатып алғаны, ауданға төбесінен қарайтын бір төбедегі алаңның үстіне демалыс ауылын салатынын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар