30.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем жаңалықтарына орын берген.

144532
30.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Түрік әскері ISIS-ті қоршауға алды» атты хабары бойынша Түркияның өз территория тысындағы жалғыз территориясы болған Сүлейман Шах кесенесіне ISIS қауіп төндірген. Қауіпсіздік аймақ шартының ортаға қойылуынан кейін ISIS түрік әскерлері қорғаған Сүлейман Шах кесенесі маңына 1100 сарбаз орналастырды. ISIS аймаққа жетуде маңызды бір өткел түйіні болған Жадде ауылына да сарбаздар жинай бастады.
Хүрриет газеті «Ақүй Түркия маңызды одақтас болуы мүмкін» деген хабарында АҚШ президенті Обаманың арнайы кеңесшісі және Орташығыс, Солтүстік Африка мен Шығанақ аймақтары ұйымдастырушысы Пилипп Гордонның «ISIS-ке қарсы тек әскери ғана емес, идеологиялық жағы, шетелдік жауынгерлер, ISIS-тің мұнайды сатуды тосуы сынды тақырыптарда да одақтастыққа мұқтаж екенін білдіріп, Түркия барлық жағынан алғанда маңызды бір одақтас болуы мүмкін. Түріктермен бірге жұмыс істейміз» деген сөздерін жеткізген.
Сабах газеті «Түркия үлкен рекорд жаратты» деген хабары бойынша Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык Түркияның соңғы 3 жылда Еуропа KOBİ аптасы іс-шараларында 37 ел арасында үздіксіз бірінші болып үлкен рекорд жаратқанын білдірді. Еуропа Одағы қорларынан пайдаланулары үшін KOBİ-лерге жөн сілтеу қызметін жалғастырғанын баяндаған Ышық Еуропа басқару жүйесі AIA сынды халықаралық деңгейдегі бағдарламаларды да атқару үшін жұмыстарын жалғастырғанын атап өтті.
Акшам газеті «Көбелектің түсі фильміне АҚШ-та ең үздік фильм музыкасы жүлдесі берілді» атты хабарында түрік композиторы Рахман Алтын бас кейіпкерлерінде Кыуанч Татлытуг, Мерт Фырат және Билгиннің ойнаған Көбелектің түсі фильмімен Moondance Халықаралық фильм фестивалінде «Ең үздік фильм музыкасы» жүлдесін иелегенін хабарлаған. Газет осы еңбек арқылы бұдан бұрында 15-ші мәрте ұйымдастырылған Милан Халықаралық фильм фестивальі және 13-ші мәрте ұйымдастырылған World Soundtrack Academy-де жүлде алғанын жариялаған.
Радикал газеті интернет сайтында «Ford Courier-дің нысанасы 50 мың» атты хабарында Ford-тың түрік инженерлері тарапынан дизайн етілген «Courier» үлгісін Ford Отосан Йеникөй фабрикасында баспасөзге таныстырғанын жеткізген. Газет сонымен қатар фабрика директоры Сабри Чименнің «Йеникөй фабрикасында қазір 2 минутта бір көлік өндірудеміз. Яғни, күніне 200 көлік өндірудеміз деген сөз. Осы жылдың аяғына дейін 50 мың Courier өндіреміз» дегенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар