20.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

132749
20.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті премьер-министр Давутоғлуның сөздеріне орын берген.

Хабарға қарағанда, Давутоғлу Сирия шекарасындағы оқиғаларға байланысты туиттер әлеуметтік желісіндегі есебінен хабарлама жасады: «Жан сақтау үшін елімізге келген бауырларымызды, нәсіл, дін, сектасына қарап бөлмей қонақ қыламыз. Тарих бізге жауапкершілік жүктеген болса, ұлтымыз мұны орындайды, жазықсыз жәбірленгендерге құшағын жаяды».


Сабах газеті «Әуе дәлізі жабылады, аралық аймақ құрылады» деген хабар жариялаған. Түркия лаңкестік ұйыммен күрестің Сирия сатысында «ұшуға тыйым салынған аймақ» және «аралық» аймақ ұсыныстарына соңғы шешімді Чанкая сарайында берді. Анкара АҚШ осы ұсыныстарға жылы қарайды деп ойлайды. Хабарға қарағанда, оппозицияның сенімді алаңда дайындалуы шешімін АҚШ Конгресінің заң шығару органы Өкілдер мәжілісінен шығарған әкімшіліктің шешім үшін алғаш рет «ұшуға тыйым салынған аймақ» пікіріне жақын екені белгілі болды.


Миллиет газеті «Жұмыс қауіпсіздігінде жаңа жоспарлар бар» атты хабар жариялаған. Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі жұмыс қауіпсіздігі тақырыбына алғаш рет жеке заңда орын берді. Хабарға қарағанда, жаңа заңда қағидашыл көзқарастың орнына алдын алатын көзқарас негізге алынды. Кәсіпорын жұмыстың түріне қарай қауіп сыныбына бөлінеді. Барлық жұмыс орындарында жұмыс қауіпсіздігі маманы, жұмыс орны дәрігері сынды мамандар қызмет атқарады.


Йени Шафак газеті басқа бір хабарға орын берген. Әлемдік мемлекеттік жұмысқа орналастыру мекемелерінің одағының 2015 жылғы Әлемдік құрылтайына мекен болатын Түркия жұмыс мекемесі мақсатын кеңейтіп, одақтың атқару комитеті төрағалығына үміткер екенін жариялады. ИШКУР бас хатшысы Нусрет Языджы Йени Шафак газетіне хабарлама берді. Газеттің хабарына қарағанда, Языджы «Жаһандық экономикалық дағдарыстың кері әсерлеріне қарамастан ортаға шыққан осы табыстың астарында жаңалықшыл көзқарас пен халықаралық жұмысқа орналастыру және қорғау әдістерінің ұлттық саясатымызға үйлестірілуі жатады» деді.


Ватан газеті «Университетке түсуде жаңа ереже» деген жаңалық жариялаған. Түркияда миллиондаған жастың болашағын бір емтиханға бағындырып қойған ереже 2016 жылы аяқталады. Жаңа жүйе арқылы осы емтихандар жойылады. Оқушы орта мектепте алған бағасына қарай қалаған университетіне өтінім бере алады.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар