09.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

119349
09.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Палестина үшін ақ шеру» атты хабарында Палестина ұйымдарының басшылығында Бельгияның бас қаласы Брюссельде жиналған бір топтың шеру ұйымдастырғанын жазған.

Газет Палестина байрақтарын көтерген шерушілердің Израильге қарсы ұран тастағанын білдірген. Хабарға қарағанда, шерушілер француз және фламенк тілінде мәлімдеме жасады. Олар израильдік лауазымдылардың соғыс қылмысы айыптауымен сотталуын талап етті. «Израиль Батыс Шерияда басқыншылықты жалғастыруда, Газаны қоршауда. Шешім қаламайды. Халықаралық қоғам Палестина мемлекетін тануы керек» деп айтылған. Хабарға қарағанда, шеруде жиналған ақша аймақта бір мектептің құрылысында қолданылады.


Хабертүрік газеті «Өнеркәсіп өндірісі шілде айында 3,6 пайыз артты» атты хабарында Түркия статистика мекемесінің хабарламасына орын берген. Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда, Түркияда өнеркәсіп өндірісі шілде айында жоспардан асты.


Стар газеті «2015 жыл банк секторы үшін 2014 жылдан жақсы өтеді» атты хабар жариялады. Газет Япы Креди банк басшысы Фаик Ачыкалынның хабарламасына орын берген. Ачыкалын 2015 жылдың банк саласы үшін 2014 жылдан жақсы жыл болуын күтетіндерін айтты.


Йени Шафак газетінің спорт бетінде жарияланған хабарда Таха Акгүлдің әлем чемпионы болғаны хабарланған. Өзбекстанда басталған еркін күрестен Әлем чемпионатының алғашқы күні Түркияға медаль жауды. 125 келіде Таха Акгүл ирандық қарсыласын 4-3 есебімен алып жығып, чемпион атанды. Хабарға қарағанда, 70 келіде Якуп Гүр күміс және 86 келіде Селим Яшар да қола медаль иеленді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар