04.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

113424
04.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті президент Режеп Таип Ердоғанның Әзірбайжанға жасаған сапарына тоқталған Газет Әзірбайжан президенті Илхам Алиевтің Еодоғанға әкесінің атымен аталған «Гайдар Алиев» атындағы құрмет ордені бергенін жазған. Хабарда президент Ердоғанның болса «Екі мемлекет, бір ұлт. Әкеңнің өсиеті осы мұны ешқашан ұмытпа» дегенін білдірген.
Йени шафак газеті Әзірбайжанға ресми сапармен келген президент Режеп Таип Ердоғанның Таулы Қарабах мәселесін Уэльсте өтетін НАТО саммитінде күн тәртіпке әкелетінін атап көрсетті.
Газет Ердоғанның Түркия-Армения мәселесінің шешім шартын жариялағанына назар аударған. Хабарда Ердоғанның «Әзірбайжан-Армения мәселесі шешілген жағдайда Түркия-Армения мәселесі де шешіледі. Берілген уәделер орындалу керек. Бұл құт беру емес, заңды хақ. Бұл тақырыптағы тұрақтылығымыз жалғасады» дегені атап көрсетілген.
Стар газеті Әзірбайжан табиғи газын Түркия арқылы Еуропа шекарасына тасымалдайтын ТрансАнадолу құбыр желісі жобасын қамтыған Оңтүстік Кавказ газ желісінің 20 қыркүйек күні ірге тасының қаланатынын жазған. Газет Әзірбайжан президенті Илхам Алиевпен бірге баспасөз алдына шыққан президент Режеп Таип Ердоғанның жобамен байланысты «кезең жылдамдықпен жалғасуда» деген сөздеріне орын берген.
Сабах газеті «Гайдар Алиевтің қабірі мен шәйіттікке зиярат» деп аталатын хабарында президент Режеп Таип Ердоғанның Әзірбайжанның астанасы Бакудегі бағдарламасын қабір зияратымен аяқтағанын жазған. Газет Әзірбайжан мемлекетінің құрушысы Гайдар Алиевтің ескерткіш мазарына зиярат жасап үнсіз еске алған Ердоғанның сондай-ақ Алиевтің отбасы жерленген жанұя қабірлеріне де гүл тастағанын атап көрсеткен. Хабарда президент Ердоғанның кейін түрік шәйіттігіне зиярат жасап, гүл тастағанын және НАТО саммитіне қатысу үшін Уэльске аттанғаны білдірілген.
Хүррийет газеті «Газа шекарасында әскери қозғалыс» деп аталатын хабарында Израиль армиясына тиесілі сауытты көліктердің Рефах шекара қақпасындағы Эн-Нахда аумағынан 100 метрдей ішке кіргені атап көрсетілген. Газет сауытты көліктер мен бульдозерлер шекарадан өтіп жатқанда, барлау ұшақтарының да аймақта ұшқанын атап көрсеткен.
Сабах газеті «Эбола жұқпалы ауруында 10 мың жаңа оқиға» деп аталатын хабарында эболаның тарау жылдамдығына қарап болжам жасаған мамандардың қыркүйек айында эбола вирусы жұққандар санының 10 мыңға ұласа алатынын айтқанын білдірген.
Йени шафак газеті «Анталияға 8.7 миллион турист» деп аталатын хабарында биылдың алғашқы 8 айлық кезеңінде Анталияға келуші турист санының 8.7 миллион адамға ұласқаны атап көрсетілген. Газет Анталия губернаторы Себахаттин Өзтүріктің «2023 жылы үшін болжаған 18 миллион турист нысанасына 2018 жылы қол жеткізетін боламыз» дегенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар