28.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

105970
28.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газеті «Давутоғлу төраға болып сайланды» деп аталатын хабарында Әділет және өркендеу партиясының Анкара Арена спорт кешенінде өткен 1-ші кезектен тыс құрылтайында жаңа төрағасын сайлағаны жазылған. Газет құрылтайға басшылық жасаған Халук Ипектің сайлауда мың 388 дауыс қолданылғанын, дауыстардың мың 382-сін қабылданғанын, төраға сайлау қорытындысын жариялағандағы «Сыртқы істер министрі және Конья депутаты құрметті Ахмет Давутоғлу барлығы мың 382 дауыс жинап, Әділет және өркендеу партиясының төрағасы ретінде сайланды» деген сөздеріне орын берген.
Йени Шафак газеті «Мүгедектерге 36 мың лира қолдау» деп аталатын хабарында Түркия жұмыс мекемесінің мүгедектер үшін бір жоба бастағаны және осы жоба аясында жұмыс орны ашқысы келген мүгедектерге 36 мың лираға дейін қолдау берілетіні жазылған. Хабарда жобаға ұсыныс беру мерзімінің 12-ші қыркүйек күні аяқталатыны атап көрсетілген. Газет дене мүшелері кем, ақыл-есі немесе әлеуметтік қабілеттерден мақұрым, сондай-ақ ең кемінде 40 пайыз жұмыс істей алмайтынын дәлелдеген дәрігерлік сараптамамен мүгедектер ұсынған жобаларға қолдау берілетінін атап көрсеткен.
Сабах газеті «Газадағы ауруханаларға Жер шары дәрігерлерінен қолдау» деп аталатын хабарында Жер шары дәрігерлерінің Палестина Денсаулық сақтау және Газа Ислам Университеті Медицина факультетімен ынтымақтастық келісіміне қол қойғаны жазылған. Газет Жер шары дәрігерлері атқару комитеті мүшесі және Стамбұл Мәдениет университеті Медицина факультеті хирургия кафедрасы меңгерушісі профессор док. Орхан Алимоғлуның 10-17 тамыз күндері арасында Израильдің Газа шабуылының артынан барғандарын атап көрсеткен. Хабарға қарағанда «Осы аяда Газада соғыс кезінде құлаған ауруханалардың инфрақұрылымына қоса, ауруханаларда анализ және емдеу мақсатты қолданылатын технология мен маман дәрігерлерге жағдай жасалады. Сондай-ақ факультетті бітірген түлектердің іс-тәжірибе алмасу бағдарламаларына қосылуы, университет аралық оқытушылар мен студент алмасу тақырыптарында келісім жасадық» дегенін жазған.
Радикал газеті интернет парақшасы «ICQ бағдарламасы қайта түрік тілінде дайындалады» деп аталатын жаңалығында дәл кезінде хабарласуды қамтамасыз ететін бағдарламалардың алғашқысы қабылданған ICQ жүйесінің қайта іске қосылатыны атап көрсетілген. Хабарға қарағанда толығымен түрік тілінде жұмыс істейтін мобильдік ICQ бағдарламасы тегін хабарлау, дауыспен және бейне көріністі сөйлесуге жағдай жасауына қоса топтық сұхбаттар сияқты қосымша ерекшеліктерге де ие болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар