23.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Германиядағы Түркияны тыңдау тақырыбына байланысты хабарларға кең орын берген.

23.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Тыңдау Шродермен басталды» деп жазды.
Сабах газеті Түркияның Германия Федералдық хабар алу ұйымына 1998-2005 жылдары арасындағы Жасылдар партиясы мен Социал демократ партиясы тарапынан құрылған коалиция үкіметінің бұйрығымен хабар алу жұмыстары жүргізілетін елдер тізіміне кіргізілгені пайымдалғанын жазды.
Хабарда хабар алу жұмыстары жүргізілетін елдер үш топқа бөлінген. Түркияның бірінші дәрежелі хабар алынатын ерлер арасына кіргені білдірілді.
Социал демократ партиясының бұрынғы премьер-министрі Герхард Шродер Жасылдар партяисымен 1998 жылы коалиция құрған және 7 жыл премьер-министр болған еді. Германия Сыртқы істер минситрі Штейнмайр сол кезде хабар алуға жауапты министр болатын.
Миллиет газеті «Стамбұлдағы офис жалдау ақысы аспанға шықты» деген хабар берген.
Хабарда Стамбұлда бірінші дәрежедегі офистердің жалдау ақысының 1.40 пайыз, екінші дәрежедегі офистердің 3.76 пайыз артқанын жазды. Есентепеде офистердің бір шаршыметрі 43.45доллармен ең жоғарғы жалдау ақысы құнына ие болғаны білдірілген.
Ватан газеті «6мың адаммен Ататүрік суреті» деген тақырыптағы хабарында Бас қолбасшылық майдан шайқасының 92-ші жылдығы рекорд сынағымен тойланатынын жазған.
Газет Ұлы шайқастың Бас қолбасшысы Мұстафа Кемал Ататүріктің жанды суреті Аныткабирдің бақшасында 6 мың адамның бейнесімен қалыптастырылатынын хабарлаған. «Әлемдегі ең үлкен Ататүрік суреті» ретінде Гиннес Рекордтар кітабына кіруды мақсат еткен іс-шараның алғашқысы 2012 жылы Измирде 2 мың 400 адаммен, екіншісі 2013 жылы Бурсада 5 мың 990 адаммен іске асырылған болатын.
Йени Шафак газеті: «Интернет қолдану 50 пайыз артты».
Газет әлемдегі интернетті ең көп қолданатын елдердің бірі болған Түркияда мөлшер 50 пайыз артқанын хабарлаған.
Түркия Статистика институтының мәліметіне қарағанда 16-74 жас арасындағы азаматтарда компьютер қолдану мөлшері 53.5, интернет қолдану мөлшері 53.8 пайызға жеткен. Компьютерді тұрақты қолданатындар 44.9 пайызға көтерілген. Интернет көбінесе үйде қолданылған. 38.7 пайыз адам жұмыс орнында қолданған. Сонымен бірге интернет үшін алып жүретін жабдық қолданысы да артқан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар