20.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

97014
20.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыздың Палестина Энергия министрі Өмер Кыттанехпен бас қосқанын жазған. Хабарда Палестинада қысқа, орта және ұзақ мерзімді энергия саласында не істеу керектігін қолға алғандарын атап айтқан Йылдыздың «100 мегаваттық жүзетін бір станцияның Газада бір балықшы портына аялдап, энергия өндіріп беруін мақсат етеміз. Израильден келген 10 бөлек желі бомбаланды және Газа секторы 120 мегаваттық энергиядан айырылды. Түркияның энергия саясаты бейбітшілік бағытында қолдануды нысанаға алады» дегені жарияланған.
Стар газеті «Түркия кедейлікпен күресте үлгі аларлық бір ел» тақырыпты хабарында жекеменшік саланың кедейлікпен күрестегі ролінің Түркия палаталар мен биржалар одағы (TOBB) және Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркендеу бағдарламасы Стамбұл халықаралық жекеменшік сала мен өркендеу орталығы (UNDP IICPSD) ынтымақтастығында жүзеге асқан жиналыста талқыланғаны жазылған. Газет Түркия палаталар мен биржалар одағы төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлуның «Түркия кедейлікпен күреске үлгі боларлық бір ел» дегенін атап көрсеткен. Хабарда әлемнің алдынғы қатарлы экономикалары делінген кезде еске түскен алғашқы мемлекеттің Түркия екенін атап көрсеткен Рифат Хисаржыклыоғлуның «Түркия өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, табиғи байлықтары және жетілген адам күшімен Даму жолындағы 20 (G20) елдің ең белсенді мүшелерінің бірі» деген сөздеріне орын берілген.
Сабах газеті «Монако Тарканға дайындалады» деп аталатын хабарында әлемге танымал атақты әншілерді қонақ еткен Monte Carlo Summer фестивальінің салтанатты жабылу кешінің Тарканның концертімен жүзеге асатынын жазған. Газет Еуропа патшалық отбасыларынан ханзада және ханшайымдарға қоса әлемнің зиялы қоғамы да тамашалайтын концерт үшін барлық дайындықтардың аяқталғанын хабарлаған.
Хүррийет газеті «Еуропаны артта қалдырдық» деп аталатын хабарында Әлем алтын кеңесінің 2014 жылы екінші ширек алтын рапортын жариялағанын жеткізген. Газет рапортта ең көп алтын резервін 40 елдің араларында бөліскенін жазған. Газет аталмыш рапортта Түркияның көптеген маңызды мекеме мен елді артта қалдырып, тізімде 12 кезекте орын алғанын білдірген.
Миллийет газеті «Велосипед жолы жобаларына қолдау» деп аталатын хабарында Қоршаған орта және қала министрлігінің қала әкімшіліктері тарапынан дайындалған велосипед жолы жобалары үшін 4 миллион 718 мың лира қаржы қолдауы бергенін атап көрсеткен. Газет көлік қатынасынан туындаған қоршаған орта ластығын азайту, шуылмен мазалау, жаһандық ысынуға болымды ықпал етіп, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау тұрғысынан үлкен маңызы бар және экономикаға да үлес қосатын велосипед қолданысын арттыру үшін дайындалған жобаларға Қоршаған орта және қала министрлігі тарапынан қолдау берілетінін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар