19.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

95787
19.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Хүрриет» газеті Экономика министрі Нихат Зейбекчинің несие көрсеткіштерін дәрежелендіру ұйымы Moody's тарапынан жасалған мәлімдемелердің Түркиядағы экономикалық жағдаймен астаспайтынын, экономикалық критерийлерге қарап әзірленбегенін білдіргенін жазыпты. Нихат Зейбекчи «Түркия экономикасының позитив жағынан ешқандай сөз қозғалмаған, экономикалық критерийлердің орнына кейбіреулердің саяси шаблонына сәйкес келетін мәлімдеме әзірленген» деген сын ескертпелер айтыпты.
«Йени Шафак» газеті сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның Германияның Түркияны жасырын жолмен тыңдағаны туралы қауесеттерге байланысты Германиялық жауаптылардың мәлімдеме жасауын күтетіндерін айтқанын жазыпты. Давутоғлу «Халықаралық қатынастарда, әсіресе одақтас елдер арасында назар аударылуы тиіс негізгі шарттар бар. Бұл қауесеттер дұрыс болған жағдайда қабылдау мүмкін емес оқиға деп ойлаймын. Міндетті түрде осыған орай жауаптылар мәлімдеме жасауы керек. Мұны ең қысқа мерзім ішінде жасайды деп күтеміз. Ал егер бұл қауесет шындыққа жанаспайтын болса, осыған орай шаралар алыну керек» деген екен.
«Стар» газеті Түркия статистика ұйымының жылдың екінші ширегіндегі туризм мәліметтерін жариялағанын жазыпты. Мәліметтерге қарағанда туризмнен кіріс екінші ширекте өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайыз артып, 8 миллиард 975 миллион 976 мың долларға жеткен. Туризмнен келген кірістің 84,5 пайызы шетелдік туристерден, 15,5 пайызы болса шетелде тұратын отандастарымыздың елге келуі нәтижесінде болған екен.
«Миллиет» газеті Түркияның «Диван» тәтті тағамдар компаниясының Таяу Шығыста бөлімшелер ашу және өнім өндіруді 4 есеге шығару үшін қолдарын сыбағанын жазыпты. Компания Катарда «Алмана» фирмасымен жасаған franchise келісім-шартына орай 2015 жылы бірінші бөлімшесін ашуды жоспарлап отыр екен. «Диван» компаниясының бас директорының орынбасары Гүчлү Шенелер осы мәселеге орай «Саудия Аравиясы мен Біріккен Араб әмірліктерінде әріптестік келіссөздеріміз жалғасуда. Осы аймақта үлкен мүмкіндіктер бар деп ойлаймыз. Тек қана Таяу Шығыс емес, АҚШ, Еуропа, Қиыр Шығыста да жоспарларымыз бар» депті.
«Йени Шафак» газеті «Бешикташ» командасының УЕФА Чемпиондар Лигасының play-off іріктеу турында «Арсенал» командасымен кездесуге әзір екенін жазыпты. «Бешикташ» командасы футболшылары жаттықтырушы Славен Биличтің басқаруымен жүргізілген жаттығуда өз арасында матч ойнапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар