18.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

94705
18.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газеті «ИЛИМ Караманның экспортына зиян келтірді» деп аталатын хабарында Караманда әсіресе бисквит саласында Ирак пен Сирияға жасалған экспорттың Ирак-Левант экстремисттік ұйымы шабуылдарының салдарынан болымсыз әсерленгені жазылған. Газет өткен жылы 120 миллион доллар төңірегінде бисквит экспорты жасалса, шабуылдар себепті экспорттың 70-80 миллион долларға азайғаны атап көрсетілген.
Миллийет газеті «Нью-Йорк Таймс Түркияға алғыс айтты» деп аталатын хабарында Нью-Йорк Таймс газетінің иесі Артур Сульцбергердің Премьер-министрлік апат және төтенше жағдайлар басқармасы (АФАД) басшысы Фуад Октайға хат жолдап алғыс айтқанын жазған. Хабарда Иракта езидтерге жәрдем апарған тікұшақтың апатқа ұшырауымен жарақат алған Париж офисі шефі Алисса Рубин мен фото тілші Адам Фергуссонды Стамбұлға әкелу туралы Түркияның талпынысына алғыс білдіргені жазылған.
Йени шафак газеті «Стамбұл 130 мемлекетті артта қалдырды» деп аталатын хабарында 1927 жылы 806 мың 863 адам екені жарияланған Стамбұлдың тұрғын санының 2013 жылдың аяғындағы көрсеткіштерге қарағанда 14 миллион 160 мың 467 тұрғынға ұласып, мега бір қалаға айналғаны білдірілген.
Түркия Статистика мекемесі мағлұматтары негізге алып жасалған есептерге қарағанда 76,6 миллиондық Түркияның 18,4 пайызын Стамбұл тұрғындары құрайды. Басқаша айтқанда елдегі кезкелген 100 адамнан 18,4 пайызы Стамбұлда өмір сүреді.
Газеттің хабарына қарағанда Тұрғын санымен араларында Куба, Бельгия, Грекия, Венгрия, Тунис, Португалия, Чех Республикасы, Біріккен Араб Әмірлігі, Швеция, Белоруссия, Швейцария және Австралияда бар 130 елді артта қалдырған Стамбұлдың соңғы 5 жылда тұрғын санына 1 миллион 245 мың 309 адам қосылды.
Сабах газеті «Иран Түркияға табиғи газ экспортын арттырады» деп аталатын хабарында Иранның Тебриздегі газ қысым орындарының күшін арттырып, Түркияға экспортталған табиғи газ көлемін күніне 60 миллион текшеметрге жеткізуді жоспарлағанын білдірген.
Иран Хабер агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда Иран Ұлттық газ фирмасы лауазымдысы Абдулхүсейин Семери аталмыш жайлардың алдағы күндерде құрылатынын атап, күніне 36 миллион текшеметр болған газ көлемін жобаны іске қосу барысында 53 миллион текшеметр, жобаның аяғында болса 60 миллион текшеметрге арттырылатыны атап көрсетілген.
Хабертүрік газеті «Еуропаны артта қалдырдық» деп аталатын хабарында Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Лүтфи Элванның Еуропаның күндік орташа әуе қатынас тығыздығын рапортында Түркияның бірінші орында көрсетілгенін атап көрсеткені білдірілген. Хабарда Элванның Еуропа әуе бақылау қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL- European Organisation for the Safety of Air Navigation) жұмыс күші бағаландыру комиссиясының жылдық рапорты бойынша мүше мемлекеттердің азаматтық авиация жұмыстарына қатысты жұмыс күштерінің бақылауға алынғаны атап көрсетілген.
Аталмыш рапорттың «Қатынас тығыздығы» тақырыпты тарауында 2013 жылы Еуропада күніне орташа қатынас тығыздығында Түркияның бірінші орын алғанын айтқан Элван «2013 жылы қатынас тығыздығы ең көп болған елдер қатарында Түркияның артынан Украина, Голландия, Румыния және Норвегия келеді. Рапортта Түркиядағы осы тығыздықтың арту себебі ретінде жаңа халықаралық рейстер мен ішкі бағыттағы рейстердің артуы көрсетілген» дегенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар