13.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

89103
13.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) Палестина үшін 7 баптан тұратын бір жоба ұсынғанын жазған. Газет Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жиналысы үшін Сауд Арабиясының Джидда қаласына барған Давутоғлу ұсынған жоспардың Газаға жәрдемдердің арттырылуы, қаланың қайта салынуы, тұрақты ‘атысты тоқтату’ келісімі, Израильдің шабуылдарының алдын алу, Келіссөз үкіметіне қолдау беру және Палестинаның мемлекет ретінде танылуы сияқты тақырыптарды қамтығаны атап көрсетілген.
Хабертүрік газеті Израиль мен Хамас арасында қамтамасыз етілген екінші 72 сағаттық атысты тоқтатудың кеше де бұзылмағаны, ауаның қатты ысығаны себепті мыңдаған израильдіктің пляждарға барғаны атап көрсетілген. Газет Газада болса палестиналықтардың Израиль шабуылдарында құлаған үйлерінің үйінділері арасынан үй жиһаздарын жинауға тырысқанына да назар аударған.
Ватан газеті президент Абдуллах Гүлдің Чанкая резиденциясында берген қонақасының артынан 12-ші президент ретінде сайланған Режеп Таип Ердоғанмен кездескенін жазған. Газет 1 сағатқа жалғасқан кездесуге жұбайылары Хайрунниса Гүл мен Эмине Ердоғанның да қатысқанын білдірген.
Сабах газеті премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның президент сайлануының халықаралық қаржы әлеміне болымды ықпал еткенін атап көрсеткен. Газет экономисттердің «Қорытынды ел экономикасына тұрақтылық әкеледі» дегенін жазған.
Ватан газеті «PETKІM нақты табысын 10 есе арттырды» деп аталатын хабарында Нефтехимия Акционерлік қоғамы PETKІM 2014 жылының алғашқы жартысында 55 миллион лира нақты табыс жариялағанын атап көрсеткен. Газет алғашқы алты айлық кезеңде 2,44 миллиард лира табысқа қол жеткізген фирманың өндіріс күшінің болса 9 балл артып, 90%-ға ұласқанын білдірген.
Ватан газеті «ТҮПРАШ-тың табысы 226% артты» деп аталатын хабарында Түркия мұнай өндірісі акционерлік қоғамы ТҮПРАШ-тың жылдың алғашқы жартысындағы нақты табысын 226% арттырып 869 миллион лираға жеткізгені атап көрсетілген.
Хүррийет газеті Африканың батысындағы үш елде мыңнан астам адамның қаза табуына себеп болған эбола вирусының құрлыққа да қауіп төндіре бастағаны жазылған. Газет соңғы рет Нигерияда да байқалған вирустың Сенегал мен Руанда да үлкен дүрбелең туғызғаны білдірілген.
Акшам газеті атақты актер Робин Уильямстың 63 жаста мерт болғанын оқырмандарына жеткізген. Газет полицияның Калифорниядағы үйінде қаза тапқан атақты актердің өзіне қол жұмсау ықтималының жоғары екенін мәлімдегенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар