05.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

05.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Йени Шафак» газетінің хабарында Газада «геноцид» пен «этникалық тазалау» жасауға шақырған Израиль мәжілісі төрағасының орынбасары Моше Фейглиннің Палестина халқын аймақтан көшіріп, айдау лагерлеріне орналастыру керектігін айтқаны жазылған.
«Хүрриет» газеті Газада кеше сағат 10:00 да басталған атысты тоқтату келісімін бұзған Израиль армиясының 6 минуттан кейін босқындар қалашығындағы үйді нысанаға алып бомбалауы кезінде 8 жасар қыз баланың қаза тапқанын білдірген.
«Ватан» газеті Қытайдың оңтүстігінде болған 6,5 баллдық зілзалада өлгендердің санының 400-ге жеткенін жазған. Газет жер сілкіну салдарынан 12 мың үйдің қирағанын білдірген премьер-министр Ли Ке-цянның апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарының жүріп жатқанын мәлімдегеніне назар аударған.
«Стар» газеті қызмет мерзімі 28 тамызда толатын президент Абдуллах Гүлдің қоштасу зияраттарын жүргізіп жатқанын жазған. Газет Абдуллах Гүлдің парламент төрағасы Жемил Чичек пен премьер-министр Эрдоғанды зиярат еткенін білдірген.
«Хабертүрік» газеті Халықаралық Денсаулық Ұйымының Батыс Африкада 800-ден астам адамның өліміне себеп болған Эбола вирусының жылдам жайылып бара жатқанын мәлімдегенін жазған. Газет ұйымның вирустың әлемге қауіп төндіруде екеніне назар аударғанын білдірген.
«Йени Шафак» газеті премьер-министр Эрдоған кезеңіндегі экономикалық өркендеудің негізгі себептерінің бірі инвестиция, өнім өндіру мен жұмысқа орналастыру салаларында салықтың жеңілдетілуі болғанына назар аударады. Газет осының арқасында өнім өндіру артқанын және халықтың жағдайының жақсарғанын жазған.
«Акшам» газеті Канн фильм фестивалінен «Алтын Пальма» жүлдесін алған «Қыс ұйқысы» фильмінің одан да үлкен жүлде алуды көздеп отырғанын жазған. Газет Түркия мәдениет пен туризм министрі Өмер Челиктің аталмыш фильмнің 87-ші Оскар жүлдесі сайыстарында қатысатынын мәлімдегенін білдірген.
«Миллиет» газеті Түрік баскетбол жастар құрама командасының екінші рет Еуропа чемпионы болғанын және NBA жауаптыларының да іс шараны қадағалып отырғанын жазған. Газет әсіресе MVP жүлдесін иемденген Эгемен Гүвенның назар аударып отырғанын білдірген. Хабарда өзінің Дирк Новицкийді үлгі алғанын айтқан жас жұлдыздың келешекте NBA командасында ойнауды қиялдайтынын білдіргенін де жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар