04.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Газадағы жаңалықтарға кең орын берген

78555
04.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Қоштасу емес, жаңа бастау» деп аталатын хабарында президенттік сайлаудың үміткері және премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның Стамбұлда премьер-министр ретінде ұйымдастырған соңғы митингінде миллиондаған азаматына үн қатқаны атап көрсетілген. Газет ұлттық әнұранды оқып бастаған баяндамасын Фатиха сүресімен аяқтаған Ердоғанның «Иншаалла 10 тамыз күні Түркия үшін жаңа бір бастау болады» дегенін жазған. Хабарда Ердоғанның мұның бір қоштасу емес екені аталып, өмірінің соңына дейін қызмет ететінін айтқанын білдірген.
Йени шафак газетінің келесі «Қолдарым қайта өсе ме?» деп аталатын хабарында Израиль шабуылдарымен сағат сайын бір бала қаза тапқан Газада жүздеген баланың дене мүшелерінің бірінен айырылып жатқаны атап көрсетілген. Газет қол мен аяқтарынан айырылған балалардың мәселелерінің травманы және қираған қиялдарын ортаға қойған. Хабарда снаряд шабуылында қолы үзілген 5 жасар Хананның шешесіне «Мен өскен кезде қолым да өсе ме?» деген сұрағының баршаны өкіндіргені білдірілген.
Хабертүрік газеті «Базарға сорғыш бомбасы» деп аталатын хабарында Сирия армиясына тиесілі жойғыш ұшақтардың Астана Дамасктың шығысында орын алған Дума мен Кафр Батна аймағындағы базарларға сорғыш бомбасы лақтыруы нәтижесінде 44 адамның қаза тапқаны атап көрсетілген. Ондаған адамның жаралы екеніне назар аударған газет жаралылардың аймақтағы жылжымалы ауруханаларға жеткізілгені және көпшілігінің жағдайының ауыр күйде болғаны жазылған. Хабарда аймақтағы жылжымалы ауруханаларда қажетті медициналық материалдың жоқтығына назар аударылып, қаза тапқандар санының артуына алаңдағаны білдірілген.
Миллийет газетінде «Жұқпалы ауру ‘Эбола’ тоқтатыла алмай отыр» деп аталатын хабарында Эбола вирусы себеп болған қанды жұқпалы аурудың Батыс Африкада 700-ден астам адамның қаза табуына себеп болғаны атап көрсетілген. Хабарда Әлем денсаулық сақтау ұйымына қарағанда барлық талпыныстарға қарамастан жұқпалы аурудың әлі бақылауға алына алмағаны жазылған.
Сабах газетінің экономика беттерінде жарияланған «NISSAN-ның моторын Бурса жасайды» деп аталатын хабарында ‘Ояқ Renault’-тың Бурса жайында Renault марка автокөліктерге қоса жапон автокөлік алпауыты NISSAN мен Dacia көліктері үшін мотор өндіретіні атап көрсетілген. Хабарда 2013 жылы 274 мың мотор өндірген ‘Oyak Renault’-тың жылдық өндірісінің 450 мың дана екені жеткізілген.
Ватан газеті «Жастарымыз да Еуропа чемпионы» тақырыпты хабарында түрік ұлттық жастар баскетбол командасының екі апта бұрын Еуропа чемпионы екені аталып, кеше де Түрік жастары ұлттық баскетбол құрама командасының финал матчында Сербияны жеңіп, бірінен соң бірі екінші рет жеңіске жеткені атап көрсетілген. Газет түрік ұлттық құрама командасының сербтерді 85-68 жеңгенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар