03.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

03.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Хабертүрік» газеті Израильдің 7 шілдеде бастаған шабуылдарында өлген Палестиналықтардың санының 1660-тан асқанын хабарлаған. Хабарда кеше де Газа университетінің бомбалағанғаны жазылған. Газет Палестинада өлген жазықсыз адамдардың саны артып жатса, Израильдік фанатиктердің «геноцид» талаптарына тағы біреуі қосылғанына назар аударған. Газет Израильдің танымал саяси газеті «Times of Israel»-дің ғаламтор сайтында 2 күн бұрын шыққан Иоханн Гордонның өзі жазған мақалада «Әйел, бала-шаға барлық Палестиналықтардың өлтірілуі керек» деген сөздер қолданғанын жазған. Газет мақалада «Тек қана ХАМАС емес, әйелдер, балалар мен жазықсыз адамдардың қасиетті мақсат үшін жаппай өлтірілуі қабылдауға болатын жәйт» деп жазылғанына назар аударады.
«Акшам» газеті жоғалып кеткен әскерді сылтауратып оқ атуды тоқтату келісімін бұзған Израильдің 48 сағат ішінде 110 Палестиналықты өлтіргенін жазған. Газет моргтарда орын қалмағандықтан балалардың мәйіттерінің балмұздақ жәшіктеріне қойылғанын білдірген.

«Сабах» газеті Әзірбайжан-Армения шекарасында 5 күн бұрын басталған қақтығыстардың жалғасып жатқанын хабарлаған. Газет қақтығыстарда тағы 4 әзірбайжан сарбаздың қаза тапқанын жазған.
«Ватан» газетінің экономика парағында шыққан хабарда Еуропа нарығын жандандыра бастаған автокөлік секторының жылдың алғашқы жеті айында 9,7 пайыз өсіп, 13 миллиард 708 миллион 978 мың долларлық экспорт жасағанын білдірген. Газет автокөлік секторының өткен жылдың шілде айында 1 миллиард 952 миллион 619 мың доллар болған экспортын биыл тап сол маусымда 2,1 пайыз арттырып, 1 миллиард 994 миллион 291 мың долларға шығарғанын жазған.
«Стар» газеті Түркия Саяхат агенттіктері одағы -ТҮРСАБ-тың төрағасы Башаран Улусойдың Кастамону әкімшілігін зиярат еткен кездегі сөйлеген сөзіне орын берген. Газет Башаран Улусойдың Түркияның туризм саласында әлемдегі алғашқы 5 ел арасында екенін айтқанын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар