01.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

75984
01.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Сабах» газеті 250-ден астам бала өлтірілген Газа қырғынының тағы тағы бір куәсі ретінде Израильдік снайпердің әлеуметтік парақшаларда балаларды өлтіруін мақтанып жазғанын білдірген. Газет Давид Овадия атты әскердің инстаграмдағы парақшасына «Бүгін 13 бала өлтірдім» деп жазғанына назар аударған.
«Акшам» газетінің хабарында сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның «Газаға әуе жолы дәлізі құрылу керектігі» туралы ұсынысының біртіндеп жүзеге асатыны білдірілген. Газет оқ атуды тоқтату келісімі жасалғаннан кейін жаралылардың емделуі үшін Түркияға әкелінуі, Түркия мен халықаралық ұйымдардың гуманитарлық жәрдемдерінің Газаға жеткізілуі осы әуе дәлізі арқыл жүзеге асатынын жазған.
«Йени Шафак» газеті Израиль бомбалаған БҰҰ мектебіндегі трагедияға куә болған БҰҰ Палестиналық босқындарға жәрдем ұйымы өкілі Крис Гуннестің қырғынды айтқан кезде көз жастарын тия алмағанын жазған.
«Миллиет» газеті Үндістанның батысында муссон жаңбырлары себеп болған топырақ көшкіні нәтижесінде ондаған адамның қаза тапқанын хабарлаған. Газет жергілікті жауаптылардың Махарастра провинциясына қарасты 700 тұрғыны бар Малин ауылында болған көшкін салдарынан 100-ден астам адамның әлі топырақ астында болуы мүмкін екенін айтқанын да білдірген. Газет сондай-ақ Пәкістанның Карачи қаласында да муссон жаңбырларының 20-дан астам адамның өліміне себеп болғанын жазған.
«Стар» газеті Голландияда өткен және 35 ел қатысқан 2-ші Еуропа университет аралық спорт жарыстарында Ыстанбұлдағы Айдын университеті теннистен ерлер командасының Еуропа чемпионы болғанын хабарлаған. Газет Айдын университетінің осы маусымда 42 чемпиондыққа қол жеткізгенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар