13.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

127727
13.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Түркия Газаға жәрдем қолын созды» деп аталатын хабарында Израиль шабуылдарының артынан Түркияның палестиналықтарға жәрдем қолын созғаны жазылған. Газет Премьер-министрлік апат және төтенше жағдайлар басқармасының (АФАД) Әлем денсаулық сақтау ұйымының Палестина кеңсесіне дәрі-дәрмек және медициналық материалдар үшін 1,5 миллион доллар жібергені білдірілген.
Газет Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің де Газаға 1 миллион долларлық жедел азық-түлік және материал жәрдемі жіберетінін атап көрсеткен.
Хүррийет газеті «Аббас келеді» деп аталатын хабарында Израильдің Газаға бағытталған операциялары жайлы Палестина елбасы Махмұд Аббастың жұма күні Түркияға келуді жоспарлағаны жеткізілген. Газет Гүлдің шақыруымен бір күндік ресми сапармен келетін Аббастың премьер-министр Ердоған және Сыртқы істер министрі Давутоғлумен де кездесу жоспарлағанын жазған.
Йени шафак газетінің «Бақылаудан шықты» деп аталатын хабарында Иракта жүргізген діни қауымдық саясатымен сүнниттерді шеттетіп, елді бөлшектенуге жеткізген премьер-министр Нури әл-Маликидің осы жолы күрттермен қақтығысқаны жазылған.
5 күрт министрдің Бағдаттағы кабинет жиналыстарын бойкот ету шешімі қабылдағанын атап көрсеткен газет Ирак Күрт Аймақтық әкімшілігі басшысы Месут Барзанидің болса «Маликиден басқа жаңа бір премьер-министр қажетті. Әйтпесе Ирак қирап, бөлшектенеді» дегенін білдірген.
Сабах газетінің «Су астында финал жаттығуы» деп аталатын хабарында әлемнің назарының Бразилиядағы әлем кубогында екені жазылған. Газет Германия мен Аргентинаның көгалдағы матчының жаттығуының Филиппиндердің астанасы Маниладағы бір су паркінде сүңгірлер тарапынан ойналғаны жазылған.
Миллийет газеті «Сұлтандар бірінші орында аяқтады» деп аталатын хабарында Ұлттық Құрама Волейбол командасының «CEV Әйелдер Еуропа лигасы А тобы 6-шы және соңғы матчында Словенияны қарсы көгалда 3-0 жеңгенін жазған. Газет А тобын 27 баллмен бірінші орында аяқтаған волейбол командамыздың Германиямен сәрсенбі күні матчқа шығатыны жазылған.
Хүррийет газеті «Спортпен шұғылданғандар одан бақытты» деп аталатын хабарында АҚШ-тағы Мичиган Университетінен ғалымдардың университеттің алғашқы екі жылы кезкелген бір спорт залға мүше болған студенттердің болмағандармен салыстырғанда одан жоғары балмен университетті бітіріп шыққанын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар