04.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

117518
04.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Йени Шафак» газеті ИЛИМ экстремистері кепілдікке алған 32 түрік жүргізушінің еркіндікке жіберілгенін жазған. Газет Эрбил бас консулы Мехмет Акиф Ирам қарсы алған түрік көлік жүргізуішілерінің Түрік Әуе Жолдары компаниясына қарасты арнайы ұшақпен Түркияға әкелінгенін білдірген. Хабарда кепілдікке алынған жүргізушілердің 23 күннен кейін жанұяларымен қауышып, қуанышқа бөленгені айтылған.
«Йени шафак» газеті Босния-Герцоговинияның Сребреница қаласында серб әскерлері тарапынан жасалған қанды қырғынның 19-жылдығын еске алу үшін ұйымдастырылған іс шаралар аясында құрбандар жүріп өткен орманда жаяу шерулер мерәсімінің басталғанын жазған. Газет еске алу мерәсімі аясында сүйектері табылған 175 адамның 11 шілдеде жерленетінін білдірген. Хабарда биыл мәйіті табылған ең кішкентай шәйіттің 14 жасар Сенад Беганович екеніне де назар аударылған.
«Ватан» газеті Хатайдың Рейханлы ауданындағы Жилвегөзү шекара қақпасынан соңғы 1 апта ішінде шамамен 5000 Сириялықтың Түркияға өткенін жазған. Газет елдеріндегі азамат соғысынан қашып Түркияны паналаған Сириялықтардың санының Рамазан айында бұрынғыдан да көбейгеніне назар аударған.
«Стар» газеті Түрік қоғамдық ұйымдарының бірі «Жан суы» жәрдемдесу мен қайырымдылық қауымдастығының Рамазан айында 30 елге гуманитарлық жәрдем жіберетінін жазған. Газет кедей елдерге гуманитарлық жәрдем науқаны аясында ең алдымен өткен жылы аса ауыр құрғақшылықты бастан кешірген Сомали, Кения, Нигерия, Камерун мен Чад мемлекеттеріне жәрдем жіберілетіне назар аударған.
«Хүрриет» газеті Ыстанбұлдағы Медипол университетінің медицина факультетіне қарасты Регенератифтік және Реставрациялау зертханалар орталығы –РЕМЕР-дің Түркияның рентген саласындағы ең маңызды орталықтарының бірі болғанына назар аударған. Газет Еуропада осыған ұқсас зертханалармен салыстырғанда аса озық технологиясымен алдыңғы қатарда орын алып отырған зертхананың микроскопия лабораторияларының әлемде де алдыңғы орында екенін жазған. Хабарда Медипол университетінде халықаралық медицина факультетінің ашылғаны және әлемнің бұрыш-бұрышынан келген ағылшын тілді тәлімгерлерге түрікше білу міндеттелмей-ақ білім беріліп жатқанына назар аударылған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар