29.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

110666
29.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газеті «Ресейден арзан бағаны қаңтар айында талап етеміз» деген хабарында Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз Әлем мұнай конгресі үшін барған Мәскеуде Түркия үшін қараша мен ақпан айларының маңызды бір кезең екеніне тоқталып, Ресеймен табиғи газ келісімінің 2015 жылы 1 қаңтар күнінен бастап, бағаны реттеу құқы бергенін білдіріп, мұның қолданыла алатынын айтты. Көгілдір ағым желісінен 3 миллиард текшеметрлік одан көп газ талап етілгенін жеткізген Йылдыз «Техникалық тұрғыдан кейбір шаралар қабылданады. 1,5 жылдан бұрын болмайды. 2016 жылдың басында қосымша 3 миллиард текшеметрлік жаңа газ сатып аламыз» дегенін жазған.
Стар газеті «БҰҰ-на түрік репортер» деп аталатын хабарында БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің Башқут Тунжакты дауыс көпшілігімен БҰҰ қауіпті материалдарды жою комиссиясының арнайы репортер ретінде тағайындалғанын жазған. Хабарға қарағанда БҰҰ Адам құқықтары кеңесі төрағасы Бауделайр Ндонг Элланың кеңеске атын ұсынуымен Тунжак кеңесте дауыс көпшілігімен қабылданған шешіммен Адам құқықтары қоршаған орта басқаруы және қауіпті материалдар мен қалдықтардың жою репортері міндетіне тағайындалды. Хабардың жалғасында «Тунжак 2003-2009 жылдары арасында Әйелге қарсы күш қолдану арнайы репортері міндетін жүргізген профессор док. Якын Эртүрік пен мамыр айында Азық-түлік құқы арнайы репортері ретінде тағайындалған профессор док. Хилал Элвердің артынан БҰҰ-да арнайы репортерлік міндеті берілген үшінші түрік болды» делінген.
Сабах газеті «диқандарға 828 миллион Лиралық қолдау» деп аталатын хабарында Ауыл және мал шаруашылық министрлігінің 2014 жылы ауылшаруашылығына қолдау төлемдері аясында диқандарға 828 миллион лира төлейді. Хабардың жалғасында «Министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда төлемдер майлы тұқымдас өсімдіктер, жүгері, дақыл және бұршақтар тұқымдасы сияқты өнімдерге жасалады. Осы төлемдермен диқандарға 2014 жылғы қолдаулардың 71 пайызын яғни, 6 миллиард 866 миллион лира төленеді» деп жазылған.
Хабер түрік газеті «Қанттан 300 есе тәтті дегенмен шекер қосылмаған» деп аталатын хабарында «Чайкур» Бас дирекциясы тарапынан сынақ үшін егілген және шекерге қарағанда 300 есе көп тәтті дәм беру ерекшелігі бар дегенмен ішінде ешқандай калориясы жоқ стевиялардың тұңғыш рет Ризе қаласында жинақталғанын жазған. Тақырыппен байланысты мәлімдемені ЧАЙКУР Бас директоры Имдат Сүтлүоғлуның жасағаны білдірілген. Газет Сүтлүоғлуның «тәттілендіру ерекшелігі әдеттегі шекермен салыстырғанда 10 есе көп. Сұйықталған шекерге қарағанда, 300 есе көп. Дегенмен шекердің болымсыз ерекшеліктері құрамында жоқ, шекерсіз, ешқандай калориясы жоқ денсаулыққа ыңғайлы бір тәтті» дегенін білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар