26.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

26.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газетінің экономика беттерінде «Тұрғын үй саудасы мамыр айында жылдың ең жоғары көрсеткішіне жетті» деп аталатын хабарында Түркияда мамыр айында тұрғын үй саудасының 8 пайыз артып, 90 мың 377-ге ұласқанын атап көрсеткен. Газет Стамбұлдың 17 мың 852 тұрғын үй саудасы арқылы 19,8 пайыз үлесімен бірінші орын алғанын атап көрсеткен. Газет Стамбұлдың артынан кезегімен 12,2 пайызбен Анкара, 6,5 пайызбен Измирдің орын алғанын жазған.
Сабах газеті «Бенинді риза қылатын сапар» деп аталатын хабарында Измир Сауда палатасының Африка мемлекеттерінің бірі Бенинге 28 адамнан тұратын бір делегациямен барғанын жазған. Газет ІІ. Түркия-Бенин іскер форумында сөз алған Бенин президенті Бони Яйидің измирлік инвесторларды аймаққа инвестиция салуға шақырғанын білдірген. Яйидің «Өсуді сізбен жүзеге асырғымыз келеді. Енді достығымыздың нақты қадамдармен жалғастырылуын көргіміз келеді» дегенін атап көрсеткен.
Стар газеті «Анзак немересі түрік экономикасын мақтады» деп аталатын хабарында Анзактардың (Жаңа Зеландиялық) Чанаккале соғысының 100 жылдығы ретінде аталатын 2015 жылы қалың бір делегациямен Түркияға келетінін жазған. Хабарда Анзак немересі және Жаңа Зеландия өркендеу агенттігі директоры Петер Крипстің Түркияны мақтағаны атап көрсетілген.
Хабар түрік газеті «Ойлау күшімен қолын қимылдатты» деп аталатын хабарында АҚШ-тың Огайо штаттық университетінде өткізілген бір сынақта мойынынан төменгісі мүгедек болған 23 жасар Янь Буркхардтың миына орналастырылған бір интегралдық схема арқылы ойлау күшімен қолын қимылдатқанын білдірген. Газет медицина тарихына қол таңба қалдыратын жаңалық ретінде аталған сынақта Буркхардтың табысқа жеткен тұңғыш мүгедек екеніне назар аударылған.
Миллийет газеті «Жақсы, жаман және көріксіз фильміндегі көріксізден айырылдық» деп аталатын хабарында Клинт Иствуд басты кейіпкер боп ойнаған классикалық Вестерн фильмі кейіпкері Илай Уоллактың 98 жаста өмірден өткенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар