23.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

23.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Керри Мысырға қолы бос барған жоқ» деп аталатын хабарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Орташығыс туры аясында кеше Мысырға зиярат жасағанын атап көрсеткен. Газет Керридің Астана Каирде Мысыр елбасы Абдулфеттах эл-Сисимен кездескенін жазған. Хабарда осы сапардың өткен ай жасалған елбасы сайлауының артынан Мысырға АҚШ-тан ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі тұңғыш сапар екеніне назар аударылған.
Стар газеті «Береке керуені Румелия жолында» деп аталатын хабарында «Бауырластық шекара танымайды» ұранымен ораза сайын Балкан елдеріне жәрдем қолын созған Стамбұл Байрампаша аудан әкімшілігі Береке керуенінің бауырластық саяхатына шыққаны жазылған.
Акшам газеті «Бергама мен Жумалыкызык Әлем мұра тізімінде» деп аталатын хабарында Катардың астанасы Дохада биыл 38-ші рет ұйымдастырылған Әлем мұра комитеті жиналысында UNESCO-ның Бурса қаласындағы Жумалыкызык және Бергаманың Әлем мұра тізіміне алынғанын білдірген. Газет Түркияның тізімдегі мұра санының 13-ке жеткені атап көрсетілген.
Хабер түрік газеті «Bosch Бурса қаласына 850 миллион лира инвестиция салды» деп аталатын хабарында Bosch фирмасының Бурсадағы өндіріс жайында дизел технологияға ие қозғалтқыштарды өндіру үшін жаңа бір цех ашқаны жазылған. Газет жаңа жайға 850 миллион лира (300 миллион евро) инвестиция салынатынын білдірген. Хабарда Ғылым өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык қатысқан ашылу мерәсімінде сөз алған Bosch Түркия өкілі Стивен Янгтың «Бұл инвестиция Bosch фирмасының Бурсадағы өндіріс орындарына деген сенімнің көрсеткіші» дегенін білдірген.
Сабах газеті «Түркия осында кілт мемлекет» деп аталатын хабарында Volkswagen тобы маркаларының бірі «Seat»-тың араларында Түркияда бар жаңа нарықтарға назар аударғаны атап көрсетілген. Газет фирманың Түркия, Мексика және Алжир сияқты мемлекеттердегі үлесін арттыруға шешім қабылдағанын жазған.
Миллийет газетінде «Көк байраққа баймыз» деп аталатын хабарында Түркияның 2014 жылы 397 көк байрақты пляжымен әлемнің ең таза жағалауларына ие үшінші мемлекет екенін білдірген. Газет Мармарис Туризм және қоршаған орта еріктілері тобы төрайымы Филиз Эрсанның көк байрағы бар пляждардың таза екенін және қажетті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілгенін айтқанын жеткізген.
Ватан газеті «Анталиядан 1 күннің ішінде 169 мың жолаушы ұшты» деп аталатын хабарында Мемлекеттік авиациялық ұшу алаңы басқармасы директоры Орхан Бирдалдың твидтер арқылы бөліскен бір ақпаратына орын берілген. Газет Бирдал берген мағлұматқа қарағанда Анталия әуе жайына бір күннің ішінде 971 ұшақтың қонып ұшқанын және жолаушы санының болса 169 мың 122 екенін атап көрсеткен.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар